Көксу ауданының елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы

    ҚолданыстағыӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Көксу ауданының елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 529-бабының 6-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Көксу ауданының елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. «Көксу ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялансын;

    2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Көксу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекші ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Д.Халелов

    Көксу ауданы әкімдігінің 2025 жылғы ___________ № __ қаулысына қосымша

    Көксу ауданының елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері

    № р/с
    Ел­ді ме­кен­де­гі са­лық са­лу объ­ек­ті­сі­нің ор­на­лас­қан же­рі
    Ай­м­ақ­қа бө­лу ко­эф­фи­ци­ен­ті
    Ай­на­бұ­лақ ауыл­дық окру­гі
    1
    Ай­на­бұ­лақ стан­ци­я­сы
    1,55
    2
    ПЧ-45 Қос­шар ауы­лы
    1,2
    3
    Та­у­а­ра­сы разъ­ез­ді
    0,9
    4
    Кө­пір разъ­ез­ді
    0,9
    Ал­ға­бас ауыл­дық окру­гі
    5
    Ал­ға­бас ауы­лы
    1,55
    6
    Қы­зы­л­то­ған ауы­лы
    1,55
    Ен­бек­ші ауыл­дық окру­гі
    7
    Зы­ли­ха Там­шы­бай ауы­лы
    1,55
    8
    Бес­қай­нар ауы­лы
    1,55
    9
    Қа­ра­тал ауы­лы
    1,55
    10
    Ке­на­рал ауы­лы
    1,55
    Қаб­ли­са ауыл­дық окру­гі
    11
    Ақ­тек­ше ауы­лы
    1,55
    12
    Көк­ба­стау ауы­лы
    1,2
    Бал­пық ауыл­дық окру­гі
    13
    Ақ­ша­то­ған ауы­лы
    1,55
    14
    Те­ректі ауы­лы
    1,65
    15
    Бал­пық би 1 ай­ма­ғы (ба­ты­сы рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар Ал­ма­ты-Өс­ке­мен ав­то­жо­лы­мен, шы­ғы­сы Ла­ба­сы ауыл­дық окру­гі­нің же­рі­мен шек­те­ле­ді)
    2,2
    16
    Бал­пық би 2 ай­ма­ғы (шы­ғы­стан Жан­гел­дин кө­ше­сі­нің ба­ты­сы­нан рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар Ал­ма­ты-Өс­ке­мен ав­то­мо­биль жо­лы­мен шек­тел­ген)
    2,01
    17
    Бал­пық би 3 ай­ма­ғы (ел­ді ме­кен­нің ше­ка­ра­сы­на дей­ін бі­рін­ші және екін­ші ай­мақ­тар­ға кір­ме­ген ел­ді ме­кен бө­лі­гі)
    1,85
    Ла­ба­сы ауыл­дық окру­гі
    18
    Ең­бек­ші­қа­зақ ауы­лы
    1,55
    19
    Жам­был ауы­лы
    1,55
    20
    Мәм­бет ауы­лы
    1,75
    21
    Та­лап­ты ауы­лы
    1,55
    Жар­лы­ө­зек ауыл­дық окру­гі
    22
    Жар­лы­ө­зек ауы­лы
    1,55
    23
    Бозто­ған ауы­лы
    1,3
    24
    Мұ­қан­шы ауы­лы
    1,3
    Мұ­са­бек ауыл­дық окру­гі
    25
    Мұ­са­бек ауы­лы
    1,55
    26
    Мәу­лім­бай ауы­лы
    1,45
    27
    Мой­ын­құм стан­ци­я­сы
    0,9
    28
    Бақ­ша стан­ци­я­сы
    0,9
    29
    Бы­жы стан­ци­я­сы
    0,9
    Мұқы­ры ауыл­дық окру­гі
    30
    Мұқы­ры ауы­лы
    1,75
    31
    Қа­зақ­стан­ның 10 - жыл­дық ауы­лы
    1,45
    Мұ­қан­шы ауыл­дық окру­гі
    32
    Көк­су стан­ци­я­сы
    1,55
    33
    Нә­ді­різ­бек ауы­лы
    1,2
    34
    Қа­зақ­стан­ның 50 - жыл­дық ауы­лы
    1,3
    35
    Мұ­қан­шы ауы­лы
    1,3
    36
    Же­ті­жал ауы­лы
    1,55

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.