Саран қалалық мәслихатының 2003 жылғы 24 сәуірдегі № 381 «Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек - балаларға атаулы әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу Қағидасын» бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Саран қалалық мәслихатының 2014 жылғы 22 мамырдағы «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» № 337 қолданыстағы шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2655 болып тіркелген, 2014 жылғы 5 маусымда) қабылдануына байланысты, Саран қалалық мәслихатының 2003 жылғы 24 сәуірдегі № 381 «Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек - балаларға атаулы әлеуметтік жәрдемақы тағайындау және төлеу Қағидасын» бекіту туралы» шешімінің (Қарағанды облысы Әділет басқармасында 2003 жылы 26 мамырда № 1200 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Сессия төрағасы, Мәслихат хатшысы
Р. Бекбанов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.