Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 1 шілде 2025 ж.

    Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

    Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы, 2 - тармағының 10) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түркістан қалалық аумақтық инспекциясының 2025 жылғы 25 мамырдағы №08-02-07/362 санды хатына сәйкес, Түркістан қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. Түркістан қаласы, Ж. Усманов көшесі №18 мекен-жайында «құтыру» ауруының ошақ нәтижесі жойылғанына байланысты, 2025 жылғы 22 сәуірде Түркістан қаласы, Ж. Усманов көшесіне енгізілген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т. Төлегеновке жүктелсін.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілсін.

    Қала әкімі

    Ә. Пазылбекұлы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.