«Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шiлдедегi № ҚР ДСМ-63 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 маусым 2025 ж.

    «Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шiлдедегi № ҚР ДСМ-63 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шiлдедегi № ҚР ДСМ-63 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28716 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

    7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «7. ЖБП циклінің көлемі 46 академиялық кредитті құрайды. Олардың 41 академиялық кредиті міндетті компонент пәндеріне тиесілі: Қазақстан тарихы, Философия, Қазақ (орыс) тілі, Шетел тілі, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Дене тәрбиесі, Әлеуметтік-саяси білім модулі (саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану, психология).»;

    10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «10. Денсаулық сақтау даярлау бағыты бойынша жоғары білім беру бағдарламалары бойынша ДБ циклі оқу пәндерін зерделеуді және кәсіптік практикадан өтуді қамтиды және бағдарламаның жалпы көлемі 240 немесе 300 кредиттен кемінде 120 немесе 150 академиялық кредитті құрайды.

    11. Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламалары бойынша БП циклі оқу пәндерін зерделеуді және кәсіптік практикадан өтуді қамтиды және бағдарламаның жалпы көлемі 300 немесе 360 кредиттен кемінде 75 немесе 105 академиялық кредитті құрайды.»;

    33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «33. Техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі бағдарлама немесе жоғары білім беру бағдарламасы базасында түскен білім алушылар үшін академиялық кредиттер саны және жоғары білімнің білім беру бағдарламасының қажетті көлемі, немесе жеделдетілген оқу мерзімімен оқыту үшін жалпы орта білім беру бағдарламасының базасында ЖЖОКБҰ «Формальды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін, сондай-ақ кәсіптік біліктілікті тану нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 24 қазандағы № 544 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 24 қазандағы № 322 бірлескен бұйрығына сәйкес бұрын қол жеткізілген формальды және формальды емес білім беруді оқыту нәтижелерін тануды ескере отырып, дербес айқындайды (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33580 болып тіркелген).»;

    Жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

    1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Осы жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 221–бабының 2-тармағына (бұдан әрі – Кодекс), «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және оқыту нәтижелеріне, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, білім алушылардың даярлық деңгейіне, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ), меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан, резидентура базалары ретінде аккредиттелген денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар (бұдан әрі – ДССҒҰ) оқу мерзіміне бағдарланып, білім беру мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді.

    Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар резидентура бағдарламаларын дербес, ал докторантура бағдарламаларын бейіндік бағыт бойынша – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықта іске асырады.»;

    4, 5, 6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «4. ЖЖОКБҰ, ДССҒҰ білім беру бағдарламасының барабар орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін оқытушылар мен резидент дәрігерлер үшін жеткілікті материалдық-техникалық базаны қамтамасыз етеді. Ұйым жұмыс уақытының стандартты кестесіне сәйкес тиісті даярлық шеңберінде кезекшілікті қоса алғанда, медициналық қызметтің барлық түрлеріне тарта отырып, медициналық қызмет көрсету функцияларына тиісті назар аудара отырып, мамандар дәрігерлерін даярлау мақсатында клиникалық базаларды, Кадрлық, білім беру, ақпараттық ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Медициналық қызмет көрсету шарттары мен резидент дәрігерлердің жауапкершілігін айқындайды және барлық тараптардың назарына жеткізеді.

    5. Резидентураның клиникалық базаларын аккредиттеуді ЖЖОКБҰ, ДССҒҰ медициналық ұйымның қызметін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әзірлеген стандарттар мен өлшемшарттарға сәйкестігін бағалау негізінде жүзеге асырады.

    6. ЖЖОКБҰ, ДССҒҰ білім беру қызметін алынған лицензияға сәйкес жүзеге асырады және оның жарамдылығы уақытының бүкіл кезеңі ішінде «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4 бұйрығымен (бұдан әрі – № 4 Бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33892 болып тіркелген) бекітілген білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін сақтайды.

    7. Резидент-дәрігер резидентура базаларында клиникалық тәлімгердің қадағалауымен пән/модуль циклі бойы тұрақты бағалаумен және кері байланыспен жұмыс істейді.Пән және (немесе) модуль циклы аяқталғаннан кейін білім алушы ұйым белгілеген тәртіппен аттестатталады. Тәлімгер резидентура базаларында жұмыс істейтін, бірінші немесе жоғары біліктілік санаты (тиісті мамандық бойынша кемінде 5 жыл өтілі) бар практикалық денсаулық сақтаудың білікті мамандарының қатарынан тағайындалады. Жұмыс регламенті мен тәлімгерді бекіту тәртібін резидентура базасы ЖЖОКБҰ, ДССҒҰ келісімі бойынша дербес айқындайды.

    8. Жыл сайын оқу жылы аяқталғаннан кейін резидент-дәрігер жеке жұмыс жоспарын орындау және кезеңдік құзыреттерді игеру мәніне аттестаттаудан өтеді. Резидентура тыңдаушысын жыл сайынғы аттестаттаудан өткізу рәсімін ЖЖОКБҰ, ДССҒҰ дербес айқындайды.»;

    16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «16. Резидентурада оқитын тұлға кәсіптік біліктілігін өзгерту мақсатында мамандықтың үлгілік жоспарына сәйкес бағдарламаны меңгереді. ЖЖОКБҰ, ДССҒҰ ресми білім беруді оқытудың бұрын қол жеткізілген нәтижелерін тануды ескере отырып, қысқартылған білім беру бағдарламаларын дербес әзірлейді.»;

    25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «25. ЖЖОКБҰ білім беру қызметін алынған лицензияға сәйкес жүзеге асырады және оның жарамдылығы уақытының бүкіл кезеңі ішінде № 4 Бұйрығымен бекітілген Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін сақтайды.»;

    43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «43. Оқуға қабылданғаннан кейін екі ай ішінде әрбір магистрантқа магистрлік диссертацияға басшылық жасау үшін № 4 Бұйрықтың біліктілік талаптарына сәйкес ғылыми жетекші тағайындалады.»;

    65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «65. Докторлық диссертацияны басқару үшін докторантқа оқуға қабылданғаннан кейін екі ай ішінде № 4 Бұйрықтың біліктілік талаптарына сәйкес ғылыми басшылық тағайындалады.»;

    75-тармақтың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Резидентурада онлайн оқытуды ұйымдастыру үшін ЖЖОБҰ-да, ДССҒҰ-да мыналарды қамтамасыз етеді:»;

    97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «97. Резидентураны бітіргені туралы куәлікті ЖЖОКБҰ, ДССҒҰ береді , қорытынды аттестаттау комиссиясының төрағасы, ЖЖОКБҰ, ДССҒҰ басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға қол қояды.».

    2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты оны ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 2025 жылғы 29 маусымда қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

    А. Альназарова

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ғылым және жоғары білім министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Денсаулық сақтау

    министрі

    2025 жылғы 26 маусымдағы

    № 61

    бұйрығына қосымша

    Денсаулық сақтау

    саласындағы жоғары

    білім берудің мемлекеттік

    жалпыға міндетті стандартына

    қосымша

    «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім беру бағдарламаларының берілетін дәрежелерінің атаулары

    №/п
    Бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы­ның ата­уы
    Ба­ка­лаври­ат­тың бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры бой­ын­ша бе­рі­ле­тін дә­ре­же
    Үз­дік­сіз ин­те­гра­ци­я­лан­ған ме­ди­ци­на­лық бі­лім бе­ру­дің бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры бой­ын­ша бе­рі­ле­тін дә­ре­же
    мем­ле­кет­тік тіл­де
    орыс ті­лін­де
    ағы­л­шын ті­лін­де
    мем­ле­кет­тік тіл­де
    орыс ті­лін­де
    ағы­л­шын ті­лін­де
    1
    Жал­пы ме­ди­ци­на, ме­ди­ци­на, пе­ди­ат­рия
    «бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы­ның ко­ды және ата­уы» бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша ме­ди­ци­на ба­ка­лав­ры
    ба­ка­лавр ме­ди­ци­ны по об­ра­зо­ва­тель­ной про­грам­ме «код и на­име­но­ва­ние об­ра­зо­ва­тель­ной про­грам­мы»
    Bachelor of Medicine (code, name educational program)
    «бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы­ның ко­ды және ата­уы» бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша ден­са­улық ме­ди­ци­на ма­ги­стрі
    ма­гистр ме­ди­ци­ны по об­ра­зо­ва­тель­ной про­грам­ме «код и на­име­но­ва­ние об­ра­зо­ва­тель­ной про­грам­мы»
    Master of Medicine (code, name educational program)
    2
    Сто­ма­то­ло­гия
    «бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы­ның ко­ды және ата­уы» бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша сто­ма­то­ло­гия ба­ка­лав­ры
    ба­ка­лавр сто­ма­то­ло­гии по об­ра­зо­ва­тель­ной про­грам­ме «код и на­име­но­ва­ние об­ра­зо­ва­тель­ной про­грам­мы»
    Bachelor of Dentistry (code, name educational program)
    «бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы­ның ко­ды және ата­уы» бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша сто­ма­то­ло­гия ма­ги­стрі
    ма­гистр сто­ма­то­ло­гии по об­ра­зо­ва­тель­ной про­грам­ме «код и на­име­но­ва­ние об­ра­зо­ва­тель­ной про­грам­мы»
    Master of Dentistry (code, name educational program)
    3
    Ме­ди­ци­на­лық-про­фи­лак­ти­ка­лық іс
    -
    -
    -
    «бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы­ның ко­ды және ата­уы» бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша ден­са­улық сақ­тау ма­ги­стрі
    ма­гистр здра­во­охра­не­ния по об­ра­зо­ва­тель­ной про­грам­ме «код и на­име­но­ва­ние об­ра­зо­ва­тель­ной про­грам­мы»
    Master of Health (code, name educational program)
    4
    Мей­ір­би­ке де­ло
    «бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы­ның ко­ды және ата­уы» бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша мей­ір­гер ісі ба­ка­лав­ры
    ба­ка­лавр сест­рин­ско­го де­ла по об­ра­зо­ва­тель­ной про­грам­ме «код и на­име­но­ва­ние об­ра­зо­ва­тель­ной про­грам­мы»
    Bachelor of Nursing (code, name educational program)
    -
    -
    -
    5
    Фар­ма­ция
    «бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы­ның ко­ды және ата­уы» бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша фар­ма­ция ба­ка­лав­ры
    ба­ка­лавр фар­ма­ции по об­ра­зо­ва­тель­ной про­грам­ме «код и на­име­но­ва­ние об­ра­зо­ва­тель­ной про­грам­мы»
    Bachelor of Pharmacy (code, name educational program)
    -
    -
    -
    6
    Қо­ғам­дық ден­са­улық
    «бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы­ның ко­ды және ата­уы» бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша қо­ғам­дық ден­са­улық ба­ка­лав­ры
    ба­ка­лавр Об­ще­ствен­но­го здо­ро­вья по об­ра­зо­ва­тель­ной про­грам­ме «код и на­име­но­ва­ние об­ра­зо­ва­тель­ной про­грам­мы»
    Bachelor of Public health (code, name educational program)
    -
    -
    -
    «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім беру бағдарламасының үлгілік оқу жоспары
    Цик­л­дер мен пән­дер­дің ата­уы
    Жал­пы ең­бек сый­ым­ды­лы­ғы
    Мей­ір­гер ісі
    Фар­ма­ция, Қо­ғам­дық ден­са­улық
    Ака­де­ми­я­лық са­ғат­тар­да
    Ака­де­ми­я­лық кре­дит­тер­де
    Ака­де­ми­я­лық са­ғат­тар­да
    Ака­де­ми­я­лық кре­дит­тер­де
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    1
    Жал­пы бі­лім бе­ре­тін пән­дер цик­лі (ЖБП)
    1380
    46
    1380
    46
    1)
    Мін­дет­ті ком­по­нент
    1230
    41
    1230
    41
    Қа­зақ­стан та­рихы
    150
    5
    150
    5
    Фи­ло­со­фия
    150
    5
    150
    5
    Шет ті­лі
    240
    8
    240
    8
    Қа­зақ (орыс) ті­лі
    240
    8
    240
    8
    Ақ­па­рат­тық-ком­му­ни­ка­ци­я­лық тех­но­ло­ги­я­лар
    90
    3
    90
    3
    Әле­умет­тік-са­я­си бі­лім мо­ду­лі (әле­умет­та­ну, са­я­сат­та­ну, мә­де­ни­ет­та­ну, пси­хо­ло­гия)
    180
    6
    180
    6
    Дене тәр­би­е­сі
    180
    6
    180
    6
    2)
    Жо­ға­ры оқу орын ком­по­нен­ті және (неме­се) таң­дау ком­по­нен­ті
    150
    5
    150
    5
    2
    Ба­за­лық пән­дер цик­лі (БП)
    ке­мін­де 3600
    ке­мін­де 120
    ке­мін­де 4500
    ке­мін­де 150
    1)
    Жо­ға­ры оқу орын ком­по­нен­ті және (неме­се) таң­дау ком­по­нен­ті
    2)
    Кә­сіп­тік прак­ти­ка
    3
    Бей­ін­де­у­ші пән­дер цик­лі (БП)
    ке­мін­де 1950
    ке­мін­де 65
    ке­мін­де 2850
    ке­мін­де 95
    1)
    Жо­ға­ры оқу орын ком­по­нен­ті және (неме­се) таң­дау ком­по­нен­ті
    2)
    Кә­сіп­тік прак­ти­ка
    4
    Оқы­ту­дың қо­сым­ша түр­ле­рі (ОҚТ)
    1)
    Таң­дау бой­ын­ша Ком­по­нент
    5
    Қо­ры­тын­ды ат­те­стат­тау
    ке­мін­де 120
    ке­мін­де 4
    ке­мін­де 120
    ке­мін­де 4
    1)
    Ке­шен­ді ем­ти­ханды дай­ын­дау және тап­сы­ру
    Қо­ры­тын­ды
    ке­мін­де 7200
    ке­мін­де 240
    ке­мін­де 9000
    ке­мін­де 300
    Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламаларының үлгілік оқу жоспары
    № п/п
    Пән­дер цик­л­де­рі­нің және қыз­мет түр­ле­рі­нің ата­уы
    Жал­пы ең­бек сый­ым­ды­лы­ғы
    Ме­ди­ци­на­лық-про­фи­лак­ти­ка­лық іс
    Ме­ди­ци­на, Пе­ди­ат­рия, Сто­ма­то­ло­гия
    Ака­де­ми­я­лық са­ғат­тар­да
    Ака­де­ми­я­лық кре­дит­тер­де
    Ака­де­ми­я­лық са­ғат­тар­да
    Ака­де­ми­я­лық кре­дит­тер­де
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    1
    Жал­пы бі­лім бе­ре­тін пән­дер цик­лі (ЖБП)
    1380
    46
    1380
    46
    1)
    Мін­дет­ті ком­по­нент
    1230
    41
    1230
    41
    Қа­зақ­стан та­рихы
    150
    5
    150
    5
    Фи­ло­со­фия
    150
    5
    150
    5
    Шет ті­лі
    240
    8
    240
    8
    Қа­зақ (орыс) ті­лі
    240
    8
    240
    8
    Ақ­па­рат­тық-ком­му­ни­ка­ци­я­лық тех­но­ло­ги­я­лар
    90
    3
    90
    3
    Әле­умет­тік-са­я­си бі­лім мо­ду­лі (әле­умет­та­ну, са­я­сат­та­ну, мә­де­ни­ет­та­ну, пси­хо­ло­гия)
    180
    6
    180
    6
    Дене тәр­би­е­сі
    180
    6
    180
    6
    2)
    Жо­ға­ры оқу орын ком­по­нен­ті және (неме­се) таң­дау ком­по­нен­ті
    150
    5
    150
    5
    2
    Ба­за­лық пән­дер цик­лі (БП)
    ке­мін­де 2250
    ке­мін­де 75
    ке­мін­де 3150
    ке­мін­де 105
    1)
    Жо­ға­ры оқу орын ком­по­нен­ті және (неме­се) таң­дау ком­по­нен­ті
    Оның ішін­де: Шет ті­лі (кә­сі­би) Ме­недж­мент Бас­қа­ру пси­хо­ло­ги­я­сы
    180
    6
    180
    6
    2)
    Кә­сіп­тік прак­ти­ка
    3
    Бей­ін­де­у­ші пән­дер цик­лі (БП)
    ке­мін­де 3600
    ке­мін­де 120
    ке­мін­де 4500
    ке­мін­де 150
    1)
    Жо­ға­ры оқу орын ком­по­нен­ті және (неме­се) таң­дау ком­по­нен­ті
    2)
    Кә­сіп­тік прак­ти­ка
    3)
    Ин­тер­на­ту­ра
    ке­мін­де 900
    ке­мін­де 30
    ке­мін­де 900
    ке­мін­де 30
    4
    Оқы­ту­дың қо­сым­ша түр­ле­рі (ОҚТ)
    1)
    Таң­дау бой­ын­ша ком­по­нент
    5
    Экс­пе­ри­мент­тік-зерт­теу жұ­мысы (ЭЗЖ)
    390
    13
    390
    13
    6
    Қо­ры­тын­ды ат­те­стат­тау
    ке­мін­де 360
    ке­мін­де 12
    ке­мін­де 360
    ке­мін­де 12
    1)
    Ма­ги­стр­лік жо­ба­ны жа­зу, қор­ғау және ке­шен­ді ем­ти­хан тап­сы­ру
    360
    12
    360
    12
    Қо­ры­тын­ды
    ке­мін­де 9000
    ке­мін­де 300
    ке­мін­де 10800
    ке­мін­де 360
     

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.