Тараз қаласының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

    ЖаңаЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 маусым 2025 ж.

    Тараз қаласының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

    «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, Республикалық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 21 ақпандағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облысының мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Тараз қаласының келесі құрамдас бөліктері:

    Шалғай Қарасу алабының 1-көшесі Қорқыт ата көшесіне;

    Жилкооперация көшесі Иманжүсіп Құтпанұлы көшесіне;

    Фресно көшесі Шәкен Ниязбеков көшесіне қайта аталсын.

    2. Осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы мен Жамбыл облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Облыс әкімінің міндетін атқарушы

    Н. Календеров

    Облыстық мәслихаттың төрағасы

    А. Нұралиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.