2025 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 маусым 2025 ж.

    2025 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

    «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 7-3) тармақшасына, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 болып,тіркелген) сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. 2025 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. 2025 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    3. «Абай облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Абай облысы бойынша филиалына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне енгізсін;

    2) осы қаулыны Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғанынан кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    4. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтезбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, 1-тармақта туындаған құқықтық қатынастар 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.

    Абай облысының әкімі

    Б. Уәли

    Абай облысы әкімдігінің

    2025 жылғы «___» ______

    № _____ қаулысына

    1-қосымша

    2025 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

    Р/с №
    Аймақтың атауы
    Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрлері
    Елді мекен
    Тәрбиеле-нушілер саны
    Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге)
    10,5 сағаттық болу режимі бар топтар, оның ішінде шағын орталықтар
    9 сағаттық болу режимі бар топтар, оның ішінде шағын орталықтар
    10,5 сағаттық болу режимі бар түзету топтары
    1.
    Абай ауданы
    ауыл
    807
    65 012
    2.
    Аягөз ауданы
    ауыл
    697
    64 807
    қала
    2 353
    58 439
    3.
    Бесқарағай ауданы
    ауыл
    153
    65 012
    4.
    Бородулиха ауданы
    ауыл
    631
    64 807
    5.
    Жарма ауданы
    ауыл
    855
    64 807
    6.
    Жаңасемей ауданы
    ауыл
    95
    64 807
    7.
    Көкпекті ауданы
    ауыл
    624
    64 602
    8.
    Курчатов қаласы
    қала
    590
    58 439
    9.
    Семей қаласы
    қала
    12 183
    58 439
    Семей қаласы түзету тобы
    қала
    242
    105 232
    10.
    Ақсуат ауданы
    ауыл
    748
    64 602
    11.
    Үржар ауданы
    ауыл
    376
    64 602
    12.
    Мақаншы ауданы
    ауыл
    292
    64 602
    Барлығы
    20 646
     
     

    Абай облысы әкімдігінің

    2025 жылғы «___» ______

    № _____ қаулысына

    2-қосымша

    2025 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері

    Р/с №
    Аймақтың атауы
    Айына ата-ананың ақы төлем мөлшері (теңге)
    Мектепке дейінгі ұйымдардың түрлері
    Тәрбиеленушілер саны
    Балабақша / балабақша (3 жасқа дейін / 3 жастан бастап)
    Балалардың толық күн болатын шағын орталығы (3 жасқа дейін / 3 жастан бастап)
    11.
    Абай ауданы
    807
    3 жасқа дейін-7500, 3 жастан бастап-11500
    3 жасқа дейін-6500, 3 жастан бастап-7500
    2.
    Ақсуат ауданы
    748
    3 жасқа дейін-18000, 3 жастан бастап-20000
    3 жасқа дейін-14500, 3 жастан бастап-15500
    3.
    Аягөз ауданы
    3050
    3 жасқа дейін-16000, 3 жастан бастап-17000
    3 жасқа дейін-16000, 3 жастан бастап-17000
    4
    4.
    Бесқарағай ауданы
    153
    3 жасқа дейін-14000, 3 жастан бастап-14000
    3 жасқа дейін-14000, 3 жастан бастап-14000
    5.
    Бородулиха ауданы
    631
    3 жасқа дейін-13000, 3 жастан бастап-16000
    3 жасқа дейін-13000, 3 жастан бастап-16000
    6.
    Жарма ауданы
    855
    3 жасқа дейін-13500, 3 жастан бастап-15500
    3 жасқа дейін-8000, 3 жастан бастап-9000
    7.
    Жаңасемей ауданы
    95
    3 жасқа дейін-14000, 3 жастан бастап-16000
    3 жасқа дейін-14000, 3 жастан бастап-16000
    8.
    Көкпекті ауданы
    624
    3 жасқа дейін-14500, 3 жастан бастап-14500
    3 жасқа дейін-14500, 3 жастан бастап-14500
    9.
    Курчатов қаласы
    590
    3 жасқа дейін-19500, 3 жастан бастап-19500
    3 жасқа дейін-18000, 3 жастан бастап-18000
    10.
    Семей қаласы
    12 425
    3 жасқа дейін-19000,
    3 жастан бастап-23500
    3 жасқа дейін-19000,
    3 жастан бастап-23500
    11.
    Үржар ауданы
    376
    3 жасқа дейін-8000, 3 жастан бастап-16000
    3 жасқа дейін-8000, 3 жастан бастап-10500
    112.
    Мақаншы ауданы
    292
    3 жасқа дейін-9000, 3 жастан бастап-16000
    3 жасқа дейін-7000, 3 жастан бастап-14000
    Барлығы
    20 646
     
     

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.