Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 31 наурыз 2025 ж.

    Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес және «Келінтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылдың 12 сәуірдегі №02-8/112 шығыс хатына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес каналдардың күрделі жөндеу (қазып тазалау) мақсатында жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылдық округі аумағында орналасқан Р-10 каналынан жалпы көлемі 3,4569 гектар және Р-10-1 каналынан жалпы көлемі- 2,4563 гектар жер учаскесіне 2029 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

    2. «Келінтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылдық округі аумағында күрделі жөндеу (қазып тазалау) мақсатында жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын және операция аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді қалпына келтіруді жүргізсін.

    3. «Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

    4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің тиісті сала орынбасарына жүктелсін.

    5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Жаңақорған ауданының әкімі

    М. Самитов

    Жаңақорған ауданы әкімдігінің

    2025 жылғы 31 наурыздағы

    №42 қаулысына қосымша

    Қауымдық сервитут белгіленген жер учаскелері

    Жер пай­да­ла­ну­шы­лар ата­уы
    Ка­дастр­лық нө­мі­рі
    Қа­уым­дық серви­тут­тың әре­кет ету кө­ле­мі (гек­тар)
    Соның ішінде
    Ауыл ша­ру­а­шы­лық мақ­са­тын­да­ғы жер­лер
    Оның ішінде
    Егі­стік
    Оның ішін­де:
    Көп жыл­дық ек­пе­лер
    Ша­бын­дық
    Жай­ы­лым
    Су­ар­ма­лы егі­стік
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    1
    Ке­лін­тө­бе ауыл­дық окру­гі №2 аг­ро­бө­лім №1 ауы­спа­лы егі­стік
    10-149-041-526
    2,4563
    2,4563
    -
    -
    -
    2,4563
    -
    2
    Ке­лін­тө­бе ауыл­дық окру­гі №2 аг­ро­бө­лім №2 ауы­спа­лы егі­стік
    10-149-041-527
    3,4569
    3,4569
    -
    -
    -
    3,4569
    -
    Барлығы
    5,9132
    5,9132
    -
    -
    -
    5,9132
    -

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.