Жария сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 25 сәуір 2025 ж.

    Жария сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69, 71-1 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Karatau Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №2855-EL лицензия негізінде, Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Karatau Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан 2030 жылдың 9 қыркүйегіне дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.

    2. «Karatau Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелерінде жерге залал келтіретін жұмыстар жүргізу туындаған жағдайда меншiк иелерімен немесе жер пайдаланушылармен жекеше сервитутты белгілеу туралы шарт жасасу міндеттелсін.

    3. «Karatau Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау және операция аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді қалпына келтіру ұсынылсын.

    4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің тиісті сала орынбасарына жүктелсін.

    5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Жаңақорған ауданының әкімі

    М. Самитов

    Жаңақорған ауданы әкімдігінің

    2025 жылғы 25 сәуірдегі

    №56 қаулысына қосымша

    «Karatau Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

    Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы
    Кадастрлық нөмірі
    Жер учаскелерінің көлемі, гектар
    1
    «Сайлау» шаура қожалығы
    10-149-040-853
    500,88 га
    2
    Есимова Сапаркул
    10-149-040-3060
    500,0 га
    3
    «Ерлан» шаруа қожалығы
    10-149-040-734
    130,0 га
    4
    Бегалиев Айдархан
    10-149-040-3167
    200,0 га
    5
    «Самбай» шаруа қожалығы
    10-149-040-2656
    500,0 га
    6
    «Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты» комуналдық мемлекеттік мекемесі
    10-149-040-982
    100,0 га
    7
    Шайков Абдихан
    10-149-040-2659
    500,0 га
    8
    «Karatau Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
    10-149-040-2046
    8,82 га
    9
    «Karatau Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
    10-149-040-1909
    13,47 га
    10
    «Қыр Ауыл» шаруа қожалығы
    10-149-040-619
    110,0 га
    11
    Райымбек Алмат Арыстанбекұлы
    10-149-040-1834
    305,0 га
    12
    «Сарықожа» шаруа қожалығы
    10-149-040-2932
    230,0 га
    13
    «Ерлан» шаруа қожалығы
    10-149-040-1884
    100,0 га
    14
    «Karatau Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
    10-149-040-1954
    3,45 га
    15
    «Karatau Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
    10-149-040-2173
    2,63 га
    16
    «Қасым» шаруа қожалығы
    10-149-040-2915
    400,0 га
    17
    «Karatau Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
    10-149-042-546
    5,56 га

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.