«Су шаруашылығы жүйесін цифрлық технологиялармен қамту бойынша ақпарат» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 17 қаңтар 2025 ж.

    «Су шаруашылығы жүйесін цифрлық технологиялармен қамту бойынша ақпарат» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын бекіту туралы

    «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Су шаруашылығы жүйесін цифрлық технологиялармен қамту бойынша ақпарат» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Цифрландыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Министр

    Н. Нұржігітов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Стратегиялық жоспарлау

    және реформалар агенттігі

    Ұлттық статистика бюросы

    Қазақстан Республикасы

    Су ресурстары және

    ирригация министрінің

    2025 жылғы « » __________

    № ____ бұйрығына

    қосымша

    Әкімшілік деректерді

    жинауға арналған нысан

    Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік).

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www.minsu.gov.kz

    Әкімшілік нысанның атауы: «Су шаруашылығы жүйесін цифрлық технологиялармен қамту бойынша ақпарат».

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): ЦТҚ-1.

    Кезеңділік: жылдық.

    Есепті кезең: ___ жыл.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «Қазсушар» РМК) және оның филиалдары.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті жылдан кейінгі 5 қаңтарына дейін «Қазсушар» РМК филиалдары «Қазсушар» РМК-ға ұсынады және есепті жылдан кейінгі 10 қаңтарына дейін «Қазсушар» РМК Министрлікке ұсынады.

    Жинау әдісі: электрондық түрде.

    ЖСН/БСН

    Су шаруашылығы жүйесін цифрлық технологиялармен қамту/ Охват водохозяйственной системы цифровыми технологиями

    гидротехникалық құрылысжайлар/гидротехнические сооружения
    су қоймалары/ водохранилище
    каналдар/ каналы
    су тораптары/ гидроузлы
    А
    1
    2
    3
    4
    1
    Барлығы/
    Всего, единица/
    бірлік
    2
    Оның ішінде автоматтандырылған/
    Из них, автоматизированные,
    единица/бірлік
    Атауы
    Мекенжайы
    Наименование____________________
    Адрес_______________________
    ________________________________
    ____________________________
    Телефоны/Телефон
    ______________________________________________________________
    Электрондық пошта мекенжайы/Адрес электронной почты
    ______________________________________________________________
    Орындаушы/Исполнитель
    ______________________________________________________________
    тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы, телефон/фамилия, имя и отчество (при его наличии), подпись, телефон
    Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам/Руководитель или лицо, исполняющее его обязанности
    ______________________________________________________________
    тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы/фамилия, имя и отчество (при его наличии), подпись
    Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)/
    Место для печати (за исключением лиц, являющихся субъектами частного предпринимательства).
    ______________________________________________________________

    Әкімшілік деректерді

    жинауға арналған нысанға

    қосымша «Су шаруашылығы

    жүйесін цифрлық

    технологиялармен қамту

    бойынша ақпарат»

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме «Су шаруашылығы жүйесін цифрлық технологиялармен қамту бойынша ақпарат» (нысанның индексі ЦТҚ-1, жылдық)

    Нысанның №-бағанында реттік нөмір көрсетіледі;

    Нысанның 1 бағанында барлық құрылысжайлар және оның ішінде автоматтындырылған гидротехникалық құрылысжайлар, бірлік;

    Нысанның 2 бағанында барлық су қоймалар және оның ішінде автоматтындырылған су қоймалары көрсетіледі, бірлік;

    Нысанның 3 бағанында барлық каналдар және оның ішінде автоматтындырылған каналдар көрсетіледі, бірлік;

    Нысанның 4 бағанында барлық су тораптары және оның ішінде автоматтындырылған су тораптары көрсетіледі, бірлік.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.