Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 31 наурыз 2025 ж.

    Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес және «Өзгент ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылдың 12 сәуірдегі №01-10/45 шығыс хатына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес каналдардың күрделі жөндеу (қазып тазалау) мақсатында жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, Жаңақорған ауданы, Өзгент ауылдық округі аумағында орналасқан Р-17 каналынан жалпы көлемі – 6,7637 гектар, Р-19 каналынан жалпы көлемі – 6,2223 гектар және К2-10 каналынан жалпы көлемі – 14,9202 гектар жер учаскелеріне 2029 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

    2. «Өзгент ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жаңақорған ауданы, Өзгент ауылдық округі аумағында күрделі жөндеу (қазып тазалау) мақсатында жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын және операция аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді қалпына келтіруді жүргізсін.

    3. «Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

    4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің тиісті сала орынбасарына жүктелсін.

    5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Жаңақорған ауданының әкімі

    М. Самитов

    Жаңақорған ауданы әкімдігінің

    2025 жылғы 31 наурыздағы

    №41 қаулысына қосымша

    Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелері

    Жер пай­да­ла­ну­шы­лар ата­уы
    Ка­дастр­лық нө­мі­рі
    Қа­уым­дық серви­тут­тың әре­кет ету кө­ле­мі (гек­тар)
    Соның ішінде
    Ауыл ша­ру­а­шы­лық мақ­са­тын­да­ғы жер­лер
    Оның ішінде
    Егі­стік
    Оның ішін­де:
    Көп жыл­дық ек­пе­лер
    Ша­бын­дық
    Жай­ы­лым
    Су­ар­ма­лы егі­стік
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    1
    Өзгент ауыл­дық окру­гі өңі­рі №1 аг­ро­бө­лім №3 ауы­спа­лы егі­стік
    10-149-041-513
    6,2223
    6,2223
    -
    -
    -
    6,2223
    -
    2
    «Өзгент» ша­руа қо­жа­лы­ғы
    10-149-041-1060
    3,38185
    3,38185
    -
    -
    -
    3,38185
    -
    3
    «Мас­ли­хат тө­бе 1» ша­руа қо­жа­лы­ғы
    10-149-041-742
    3,38185
    3,38185
    -
    -
    -
    3,38185
    -
    4
    «Өзгент» ша­руа қо­жа­лы­ғы
    10-149-041-1061
    7,4601
    7,4601
    -
    -
    -
    7,4601
    -
    5
    «Ой­шең­гел» ша­руа қо­жа­лы­ғы
    10-149-041-1044
    7,4601
    7,4601
    -
    -
    -
    7,4601
    Барлығы
    27,9062
    27,9062
    -
    -
    -
    27,9062
    -

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.