Активтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есепке жатқызу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есептің нысандары мен оны жасау қағидаларын бекіту туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 6 сәуір 2026 ж.

    Активтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есепке жатқызу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есептің нысандары мен оны жасау қағидаларын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 57-бабының 10-тармағына, 60-бабының 3-тармағына, 64-бабының 5-тармағына және 116-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қоса беріліп отырған:

    1) Активтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есепке жатқызу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар);

    2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есепті жасау нысандары;

    3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есепті жасау қағидалары бекітілсін.

    2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 12-тармағын қоспағанда, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады, бұл ретте Қағидалардың 11-тармағы 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданылады.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2025 жылғы « »

    № қаулысымен

    бекітілген

    Активтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есепке жатқызу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы Активтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есепке жатқызу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 57-бабының 10-тармағына сәйкес әзірленді және активтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына (бұдан әрі – Ұлттық қор) есепке жатқызу және оның қаражатын пайдалану тәртібін айқындайды.

    2-тарау. Активтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есепке жатқызу тәртібі

    2. Ұлттық қор Бюджет кодексінде белгіленген түсімдердің есебінен қалыптастырылады.

    2-1. Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферттер есебінен республикалық бюджеттен 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін бөлінген бюджеттік кредиттерді өтеу жасалған кредиттік шарттарда көрсетілген мерзімдерде республикалық бюджетке аудару арқылы жүзеге асырылады.

    Жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферттер есебінен республикалық бюджеттен 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін бөлінген бюджеттік кредиттерді өтеу бойынша болжанатын түсімдерге балама қаражатты Ұлттық қорға қайтаруды республикалық бюджеттің жобасына енгізу үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік сұрау салу жібереді.

    Ұлттық қорға қайтару кезекті қаржы жылының соңына дейін төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарлары негізінде жүзеге асырылады.

    3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының Үкіметіне (бұдан әрі – Үкімет) Ұлттық қор қаражатын есепке алу және оны жұмсау үшін теңгелік шот және шетел валютасында түсетін қаражаттың теңгелік баламасын есепке алу үшін теңгеде тиісті шот ашады.

    4. Мұнай секторы ұйымдарына:

    1) шикі мұнайды, газ конденсатын өндірумен айналысатын заңды тұлғалар;

    2) шикі мұнайды, газ конденсатын барлауға келісімшарттар жасасқан заңды тұлғалар;

    3) жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне берген пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушылар жатады.

    Мұнай секторы ұйымдарының келесі қаржы жылына арналған тізбесі ағымдағы қаржы жылының желтоқсанында бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен және жер қойнауын пайдалану, мұнай келісімшарттарын жасасу және орындау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын құзыретті органмен бірлесіп бекітіледі.

    5. Мемлекеттік қазынашылық айдың басына дейін кемінде бес жұмыс күнінен кешіктірмей Ұлттық қорға жіберілетін және Үкіметтің Ұлттық Банкте ашылған шоттарына аударылатын түсімдер сомаларының алдағы айға арналған болжамын Ұлттық Банкке ұсынады.

    6. Ұлттық қорға ұлттық валютадағы түсімдер Ұлттық қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына есепке жатқызылады. Ұлттық қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына есепке жатқызылған ағымдағы жұмыс күні үшін түсімдер сомасын мемлекеттік қазынашылық келесі жұмыс күнінен кешіктірмей Үкіметтің Ұлттық Банкте ашылған теңгелік шотына аударуға тиіс. Ұлттық қорға түсімдер сомасын аудару Ұлттық Банк Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелген) 1-қосымшаға сәйкес күн сайын төлем тапсырмасы негізінде жүзеге асырылады.

    7. Ұлттық қорға жіберілетін, бюджетке артық төленген, қате немесе жаңылыс түскен сомаларды төлеушілерге қайтару, түсімдердің бюджеттік сыныптамасы кодтары арасында, мемлекеттік кірістер органдары арасында есепке жатқызу Үкіметтің Ұлттық Банкте ашылған шоттарынан есептен шығармай, Бюджет кодексінің 101-бабының 8-тармағына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсіміне сәйкес (бұдан әрі – бюджетті атқару рәсімі) Ұлттық қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан жүзеге асырылады. Бұл ретте Ұлттық қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотында дебеттік сальдоға жол беріледі.

    8. Үкіметтің Ұлттық Банкте ашылған теңгелік шотында түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін келесі ай сайынғы кепілдендірілген трансфертті аудару шеңберінде жүзеге асырылатын алып қою үшін жеткілікті сомада қаражат жиналғаннан кейін қаржы нарығындағы ахуалға қарай қаражат Ұлттық қордың Ұлттық Банкте шетел валютасында ашылған шотына есепке жатқызыла отырып, теңгелік шоттан айырбасталады.

    9. Шетел валютасындағы түсiмдердi Ұлттық Банк мемлекеттiк қазынашылықтың корреспонденттiк шоттарына шетел валютасында есепке жатқызады. Ұлттық қорға есепке жатқызуға арналған валюталар түрлері бойынша шетел валютасын қайта айырбастауды мемлекеттік қазынашылық Ұлттық Банктен электрондық түрдегі төлем құжаттары қоса берілген шетел валютасындағы шоттар бойынша үзінді көшірмелерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

    Шетел валютасы қайта айырбасталғаннан кейін мемлекеттік қазынашылық теңгемен алынған соманы Ұлттық қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына есепке жатқызады және сол жұмыс күні бюджетті атқару рәсіміне сәйкес шетел валютасында түсетін қаражаттың теңгелік баламасын есепке алу үшін Үкіметтің тиісті шотына теңгемен аударады, Үкіметтің шоттарына есепке жатқызылатын шетелдік валютаны дәйекті түрде қайта айырбастау және айырбастау операциясы үшін Ұлттық Банк белгілеген хабарламалар, өтініштер беру және соманы теңгемен есепке жатқызу кестесін сақтайды.

    10. Ұлттық Банк Ұлттық қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістерді есепке алуды кастодиандардан түсетін ақпараттың негізінде есепке жазу әдісімен жүргізеді. Инвестициялық кірістердің сомасы Ұлттық қор кастодианының шоттарында Ұлттық қор активтерінің құрамында көрсетіледі.

    11. 31.12.2025 дейін қолданыста болды – осы қаулының 3-тармағымен.

    12. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бірінші күні Үкіметке осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есепті ұсынады.

    13. Ұлттық қорға түсетін Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге түсімдер мен кірістерді заңды және жеке тұлғалар Үкіметтің Ұлттық Банкте ашылған шотына аударады.

    3-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын пайдалану тәртібі

    14. Ұлттық қордың қаражатын пайдалану Бюджет кодексінде көзделген мақсаттарға ғана жүзеге асырылады. Ұлттық қордың қаражатын жұмсау Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферт түрінде, Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын мақсаттарға аса маңызды объектілер мен жалпы елдік маңызы бар жобаларды қаржыландыруға Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттер (бұдан әрі – Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферттер) түрінде, нысаналы талаптарды төлеу және нысаналы жинақтарды аударуға, есепке жатқызу мен төлеуге байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды жабу түрінде, сондай-ақ Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайын аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды жабу түрінде жүзеге асырылады.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысының негізінде мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды және бекітеді, оларға сәйкес республикалық бюджетке Ұлттық қордан берілетін кепілдендірілген және нысаналы трансферттерді қаржы жылы ішінде тиісті кезеңге көзделгеннен аспайтын көлемде тарту жүзеге асырылады.

    Мемлекеттік қазынашылық республикалық бюджет бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферттің бекітілген көлемін, Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферттердің бекітілген көлемін айларға бөле отырып, Ұлттық Банкке жеткізеді және Ұлттық Банк аударуды жүзеге асыратын деректемелер туралы хабарлайды.

    «Нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтарды және нысаналы жинақ төлемдерін қалыптастыру мен есепке алу, сондай-ақ нысаналы талаптарды есепке жазу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 16 қаулысының негізінде Ұлттық Банк «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамынан нысаналы талаптарды аударуға арналған өтінімді алғаннан кейін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының нысаналы активтерінің шотына ақша аударуды жүзеге асырады.

    15. Мемлекеттік қазынашылық республикалық бюджеттің Ұлттық қордан берілетін кепілдік берілген трансфертке қажеттілік көлемін ай сайын болжайды.

    Ұлттық қордан берілетін кепілдендірілген трансфертке республикалық бюджет қажеттілігінің алдағы айға арналған көлемін болжау республикалық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы бюджет қаражатының қалдығы, республикалық бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемінің болжамдары мен республикалық бюджет шығыстарының алдағы айда күтілетін атқарылуы және республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ай сайын мемлекеттік қазынашылыққа ұсынатын ақпарат ескеріле отырып айқындалады.

    16. Ұлттық қордан кепілдендірілген және нысаналы трансферттерді бөлуге арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасайды, оған бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға қол қояды және келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей Ұлттық Банкке жіберіледі.

    Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферттің ақша қажеттілігінің қажетті көлемін аудару ай сайын Ұлттық Банкке жіберілетін өтінімнің негізінде жүзеге асырылады.

    Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттерді аудару Ұлттық Банкке жіберілетін өтінімнің негізінде жүзеге асырылады.

    Ұлттық Банк бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның өтінімі негізінде оны алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде кепілдік берілген трансферттің мәлімделген сомасын, он бес жұмыс күні ішінде Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансфертті республикалық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотына аударады.

    Ұлттық қордың өтінімді/өтінімдерді орындау үшін қажетті теңгедегі қаражатын есепке алу үшін Үкімет шотында ақша болмаған немесе ықтимал жеткіліксіз болған жағдайларда Ұлттық Банк Ұлттық қордың шетел валютасындағы шотынан шетел валютасындағы ақшаның немесе активтердің бір бөлігін Ұлттық Банк басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 67 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін айырбастау және қайта айырбастау қағидаларына (бұдан әрі – Айырбастау қағидалары) сәйкес қайта айырбастауды жүргізеді.

    17. Республикалық бюджеттің болжамның негізінде айқындалған алдағы айға арналған бюджеттік ақшасы жеткілікті болған кезде мемлекеттік қазынашылық әрбір айдың 25-і күніне дейін Ұлттық Банкке хат жібереді, онда алдағы айға Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің ақшасын аудару талап етілмейтінін хабарлайды.

    18. Келесі айларда тиісті түзетумен белгілі бір айда Ұлттық қордан берілетін кепілдендірілген немесе нысаналы трансферттің көлемін түзетуді (азайтуды не арттыруды) талап ететін факторлар туындаған кезде республикалық бюджет бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі.

    19. Ағымдағы қаржы жылының басында төленбеген тіркелмеген міндеттемелердің сомасынан аспайтын көлемде Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферт есебінен өткен жылдың бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының 20 қаңтарына дейінгі мерзімде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға өткен қаржы жылында іс-шаралардың толық орындалмау себептерін көрсете отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және инвестициялық жобалар бөлінісінде бюджеттік даму бағдарламалары бойынша қаржыландыру жоспарларының орындалуы туралы ақпаратты ұсынады.

    20. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органнан алынған ақпараттың негізінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгіленген тәртіппен Республикалық бюджет комиссиясының қарауына ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті түзету арқылы төленбеген міндеттемелер бөлігінде ағымдағы қаржы жылында бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру бойынша ұсыныс енгізеді.

    21. Мемлекеттік қазынашылық Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысы, осы Қағидалардың 19 және 20-тармақтарында санамаланған құжаттар негізінде бюджетті атқару рәсіміне сәйкес міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізеді.

    22. Нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған Ұлттық қордан берілген нысаналы трансферттер, жоғары тұрған бюджеттен берілген нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша қабылданатын аудиторлық қорытындыға сәйкес мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша қабылданатын аудиторлық қорытындыға қол қойылғаннан кейін үш айдан кешіктірмей тиісінше Ұлттық қорға немесе тиісті бюджетке міндетті түрде қайтарылуға жатады.

    Бұл ретте Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферттер есебінен республикалық бюджеттен 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін бөлінген бюджеттік кредиттер республикалық бюджеттен Ұлттық қорға қайтарылуға жатады.

    Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті жылдан кейінгі жылдың соңына дейін республикалық бюджетті қалыптастыру немесе нақтылау кезінде Ұлттық қорға бюджеттік кредиттердің қайтарылуын қамтамасыз етеді.

    23. Өткен қаржы жылының қорытындылары бойынша Ұлттық қордан республикалық бюджетке нысаналы трансферт түрінде тартылған қаражат толық пайдаланылмаған кезде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган оларды осы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес толық пайдалануға рұқсат етілген сомаларды қоспағанда, республикалық бюджет қаражатының қалдықтары есебінен бюджетті түзету арқылы Ұлттық қорға қайтаруды жүзеге асырады.

    Өткен қаржы жылының қорытындылары бойынша жергілікті атқарушы органдар толық пайдаланбаған, Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферттің қаражаты есебінен республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер, осы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес толық пайдалануға рұқсат етілгендерін және олар ағымдағы жылы республикалық бюджеттің кірісіне аударғандарын қоспағанда, республикалық бюджетті нақтылау немесе түзету кезінде қаржы жылы ішінде Ұлттық қорға қайтарылады.

    24. Мемлекеттік қазынашылық республикалық бюджет бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының өзгерген сомаларын өзгерістер енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке жеткізеді.

    25. Ұлттық қорды басқаруға байланысты шығыстарды жүзеге асыру үшін Ұлттық Банк бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ақы төлеу үшін шот-фактура жібереді.

    26. Жыл сайынғы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды жүзеге асыру үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес сыртқы аудитор ұсынған шот-фактураның көшірмесін және Ұлттық қордың шығыстарын растау туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) Ұлттық Банкке жібереді.

    27. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Ұлттық Банк пен Үкімет арасында жасалған сенімгерлік басқару туралы шартта белгіленген мерзімде Ұлттық Банкке бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға қол қойған хабарламаны жібереді.

    Ұлттық Банк хабарламаның негізінде Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды жабуға арналған соманы Үкіметтің теңгелік шотынан есептен шығарады.

    Ұлттық қордың хабарламаны орындауға қажетті теңгедегі қаражатын есепке алу үшін Үкіметтің шотында ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайларда Ұлттық Банк Айырбастау қағидаларына сәйкес Ұлттық қор шотынан шетел валютасындағы ақшаның немесе активтердің бір бөлігін қайта айырбастауды жүргізеді.

    28. Мемлекеттік қазынашылық және Ұлттық Банк осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес Ұлттық қордың ақша қоғалысын салыстырып тексеру ведомосы бойынша шетел валютасында түсетін қаражаттың теңгелік баламасын есепке алу үшін Үкіметтің теңгелік шоты және Үкіметтің теңгедегі тиісті шоты бойынша ақша қозғалысын салыстырып тексеруді ай сайын жүзеге асырады.

    29. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган өзінің ресми интернет-ресурсында Ұлттық қор қаражатын басқару және пайдалану жөніндегі ақпаратты жартыжылдық негізде орналастырып тұрады.

    ______________________

    Активтерді Қазақстан

    Республикасының Ұлттық

    қорына есепке жатқызу,

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық қорын пайдалану

    қағидаларына

    1-қосымша

    Нысан

    № бет

    Қалыптастырылған күні

    _________ жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақшаның қозғалысы туралы есеп _____ жылдың есепті кезеңі

    Активтерді Қазақстан

    Республикасының Ұлттық

    қорына есепке жатқызу,

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық қорын пайдалану

    қағидаларына

    2-қосымша

    Нысан

    № бет

    Қалыптастырылған күні

    _________ жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақшаның қозғалысы туралы есеп _____ жылдың есепті кезеңі

    Индексі: ДДКСННФ-1

    Кезеңділігі: ай сайын, жыл сайын

    Ұсынады: Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган

    Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

    Ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың 15-і күніне дейінгі мерзімде

    Өлшем бірлігі ________

    Бiрың­ғай бюд­жет­тiк сы­нып­та­ма ко­ды
    Ата­уы
    Жыл ба­сы­нан бе­рі со­ма өсу қо­ры­тындыс­ы­мен
    1
    2
    3
    I. Кі­рі­стер:
    1
    Са­лық­тық түсiм­дер
    1
    Та­быс са­лы­ғы
    1
    Кор­по­ра­тив­тiк та­быс са­лы­ғы
    5
    Мұ­най сек­то­ры ұй­ым­да­ры­ның заң­ды тұ­лға­ла­ры­нан алы­на­тын кор­по­ра­тив­тiк та­быс са­лы­ғы
    5
    Та­у­ар­лар­ға, жұ­мыстар мен көр­сетiлетiн қыз­мет­тер­ге са­лы­на­тын iш­кi са­лық­тар
    2
    Ак­ц­и­з­дер
    25
    Мұ­най сек­то­ры­ның ұй­ым­да­ры­нан ши­кі мұ­най­ға, газ кон­ден­са­ты­на ак­ц­и­з­дер
    1
    2
    3
    3
    Та­би­ғи және бас­қа да ре­сур­стар­ды пай­да­ла­ну­дан тү­сетiн түсiм­дер
    22
    Мұ­най сек­то­ры­ның ұй­ым­да­ры­нан алы­на­тын үсте­ме пай­да са­лы­ғы
    25
    Мұ­най сек­то­ры­ның ұй­ым­да­ры­нан тү­сетiн бо­ну­стар
    26
    Мұ­най сек­то­ры­ның ұй­ым­да­ры­нан тү­сетiн пай­да­лы қаз­ба­лар­ды өн­дi­ру са­лы­ғы
    27
    Мұ­най сек­то­ры­ның ұй­ым­да­ры­нан тү­сетiн экс­порт­қа рен­та са­лы­ғы
    28
    Мұ­най сек­то­ры­ның ұй­ым­да­ры­нан Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның жа­сал­ған ке­лі­сім­шар­ттар бой­ын­ша өнім­ді бө­лу бой­ын­ша үле­сі
    29
    Өнім­ді бө­лу ту­ра­лы ке­лі­сім­шарт бой­ын­ша қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы­ның қо­сым­ша тө­ле­мі және мұ­най сек­то­ры­ның ұй­ым­да­ры­нан тү­се­тін жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­ға ба­ла­ма са­лық
    2
    Са­лық­тық емес түсiм­дер
    4
    Мем­ле­кет­тік бюд­жет­тен қар­жы­лан­ды­ры­ла­тын, сон­дай-ақ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық Бан­кі­нің бюд­же­ті (шы­ғы­стар сме­та­сы) есе­бі­нен ұста­ла­тын және қар­жы­лан­ды­ры­ла­тын мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер са­ла­тын ай­ып­пұл­дар, өсім­пұл­дар, санк­ци­я­лар, өн­ді­ріп алу­лар
    2
    Мем­ле­кет­тік бюд­жет­тен қар­жы­лан­ды­ры­ла­тын, сон­дай-ақ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық Бан­кі­нің бюд­же­ті (шы­ғы­стар сме­та­сы) есе­бі­нен ұста­ла­тын және қар­жы­лан­ды­ры­ла­тын мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер мұ­най сек­то­ры­ның ұй­ым­да­ры­на са­ла­тын ай­ып­пұл­дар, өсім­пұл­дар, санк­ци­я­лар, өн­ді­ріп алу­лар
    1
    Ор­та­лық мем­ле­кет­тiк ор­ган­дар, олар­дың аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі мұ­най сек­то­ры­ның ұй­ым­да­ры­на са­ла­тын әкім­ші­лік ай­ып­пұл­дар, өсiм­пұл­дар, санк­ци­я­лар, өн­дiрiп алу­лар
    1
    2
    3
    2
    Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен қар­жы­лан­ды­ры­ла­тын мем­ле­кет­тiк ме­ке­ме­лер мұ­най сек­то­ры­ның ұй­ым­да­ры­на са­ла­тын өзге де ай­ып­пұл­дар, өсiм­пұл­дар, санк­ци­я­лар, өн­дiрiп алу­лар
    3
    Зи­ян­ды өтеу ту­ра­лы та­лап қо­ю­лар бой­ын­ша мұ­най сек­то­ры­ның ұй­ым­да­ры та­би­ғат пай­да­ла­ну­шы­лар­дан ал­ған қа­ра­жат
    6
    Өзге де са­лық­тық емес түсiм­дер
    1
    Өзге де са­лық­тық емес түсiм­дер
    11
    Мұ­най сек­то­ры­ның ұй­ым­да­ры­нан тү­се­тін бас­қа да са­лық­тық емес түсiм­дер
    3
    Негiз­гi ка­пи­тал­ды са­ту­дан тү­сетiн түсiм­дер
    3
    Жер­ді және ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­тер­ді са­ту
    1
    Жер са­ту
    2
    Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­да­ғы жер учас­ке­лерiн са­ту­дан тү­сетiн түсiм­дер
    II. Бюд­жет­тік кре­дит­тер­ді өтеу
    6
    Бюд­жет­тік кре­дит­тер­ді өтеу
    1
    Бюд­жет­тік кре­дит­тер­ді өтеу
    1
    Мем­ле­кет­тік бюд­жет­тен бе­рі­л­ген бюд­жет­тік кре­дит­тер­ді өтеу
    23
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық қо­ры­нан бе­рі­ле­тін ны­са­на­лы транс­ферт­тер есе­бі­нен рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен 2024 жы­л­ғы 1 қаң­тар­ға дей­ін бө­лін­ген бюд­жет­тік кре­дит­тер­ді өтеу
    3
    Ұлт­тық қор­дан ны­са­на­лы транс­ферт есе­бі­нен рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен бе­рі­л­ген бюд­жет­тік кре­дит­тер­ді өтеу
    1
    Об­лы­стар­дың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның, аста­на­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры­на Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық қо­ры­нан бе­рі­ле­тін ны­са­на­лы транс­ферт­тер есе­бі­нен рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен 2024 жы­л­ғы 1 қаң­тар­ға дей­ін бө­лін­ген бюд­жет­тік кре­дит­тер­ді өтеу
    1
    2
    3
    2
    Ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ұй­ым­дар­ға Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық қо­ры­нан бе­рі­ле­тін ны­са­на­лы транс­ферт­тер есе­бі­нен рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен 2024 жы­л­ғы 1 қаң­тар­ға дей­ін бө­лін­ген бюд­жет­тік кре­дит­тер­ді өтеу
    III. Қар­жы ак­тив­терiн са­ту­дан тү­сетiн түсiм­дер
    7
    Мем­ле­кет­тiң қар­жы ак­тив­терiн са­ту­дан тү­сетiн түсiм­дер
    1
    Мем­ле­кет­тiң қар­жы ак­тив­терiн са­ту­дан тү­сетiн түсiм­дер
    1
    Ел ішін­де қар­жы ак­тив­терiн са­ту­дан тү­сетiн түсiм­дер
    3
    Рес­пуб­ли­ка­лық мен­шiк­тi же­ке­ше­лен­ді­ру­ден тү­се­тін тү­сім­дер
    7
    Ұлт­тық бас­қа­ру­шы хол­динг­тер­дің, ұлт­тық хол­динг­тер­дің, ұлт­тық ком­па­ни­я­лар­дың және олар­дың ен­ші­лес, тәу­ел­ді және олар­мен үле­стес бо­лып та­бы­ла­тын өзге де заң­ды тұ­лға­лар­дың ак­тив­те­рін бә­се­ке­лес ор­та­ға бе­ру­ден тү­се­тін тү­сім­дер
    IV. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық қо­ры­ның қол­ма-қол ақ­ша­ны ба­қы­лау шо­тын­да­ғы (бұ­дан әрі – ҚБШ) түсiм­дер­дің жиы­ны
    V. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық қо­ры­ның ҚБШ-дан ауда­рым­дар
    13
    Өзге
    9
    Өзге
    217
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қар­жы ми­ни­стр­лi­гi
    5
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық қо­ры­на қа­ра­жат ауда­ру­ды ұй­ым­да­сты­ру
    339
    Мем­ле­кет­тiк бас­қа­ру­дың бас­қа дең­гей­лерiне берiлетiн ағым­да­ғы транс­ферт­тер
    VI. Түсiм­дер мен ауда­рым­дар саль­до­сы
    VII. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық қо­ры­ның ҚБШ-да­ғы қар­жы жы­лы­ның ба­сын­да­ғы ақ­ша қал­ды­ғы
    VIII. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық қо­ры­ның ҚБШ-да­ғы есеп­тi ке­зең­нің со­ңын­да­ғы ақ­ша қал­ды­ғы

    Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның басшысы ________________________________________________________ (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    Есептi қалыптастыруға жауапты құрылымдық бөлiмшенiң басшысы __________________________________________________________ (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    ______________________

    Активтерді Қазақстан

    Республикасының Ұлттық

    қорына есепке жатқызу,

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық қорын пайдалану

    қағидаларына

    3-қосымша

    Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан трансферт бөлуге жылғы « » өтінім

    Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан ақшаны мынадай деректемелер бойынша аудару қажеттігі туралы хабарлайды: кепілдендірілген/нысаналы (қажеттісінің асты сызылсын)

    Бюд­жет­тің ата­уы
    Бе­не­фи­ци­ар­дың ата­уы
    Бе­не­фи­ци­ар­дың ЖСК
    Бе­не­фи­ци­ар банк­тің БСК
    БСН
    Бюд­жет­тік сы­нып­та­ма ко­ды
    Тө­лем мақ­са­ты­ның ко­ды
    Тең­ге­де­гі со­ма
    Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет

    Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның басшысы____________________

    ____________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

    Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

    ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;

    БСК – банктік сәйкестендіру коды;

    БСН – бизнес – сәйкестендіру нөмірі.

    ______________________

    Активтерді Қазақстан

    Республикасының Ұлттық

    қорына есепке жатқызу,

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық қорын пайдалану

    қағидаларына

    4-қосымша

    Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шығыстарын растау туралы хабарлама

    Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi ұсынған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару және жыл сайынғы сыртқы аудиттi жүргізу бойынша шығыстарды негiздейтiн құжаттарды қарап, Қазақстан Республикасы Үкiметінің шотынан мынадай шығыстарды есептен шығаруға келiсетiнi туралы хабарлайды:

    Р/с №
    Шы­ғы­стар­дың түр­лерi
    Тең­ге­де­гі со­ма
    1.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық Бан­кіне ко­мис­си­я­лық сый­а­қы
    2.
    Сырт­қы бас­қа­ру­шы­лар­ға ко­мис­си­я­лық сый­а­қы
    3.
    Ка­сто­ди­ан­дар­дың көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­те­рі
    4.
    Заң ке­ңес­шiсiнiң көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­те­рі
    5.
    Сырт­қы ауди­тор­дың көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­те­рі
    6.
    Ны­са­на­лы та­лап­тар­ды тө­леу және ны­са­на­лы жи­нақ­тар­ды ауда­ру­ға, есеп­ке жат­қы­зу мен тө­ле­у­ге бай­ла­ны­сты банк­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ге ақы тө­леу бой­ын­ша шы­ғы­стар­ды жа­бу
    7.
    Бас­қа да шы­ғы­стар
    8.
    Сырт­қы бас­қа­ру­шы­мен келiсiм­дер­ді мерзi­мі­нен бұ­рын бұз­ған кез­де туын­да­ған шы­ғын­дар
    9.
    Бар­лы­ғы

    Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның басшысы____________ ____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

    ______________________

    Активтерді Қазақстан

    Республикасының Ұлттық

    қорына есепке жатқызу,

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық қорын пайдалану

    қағидаларына

    5-қосымша

    20 жылғы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры ақшасының қозғалысын салыстырып тексеру ведомосы

    Бюд­жет­ті ат­қа­ру жө­нін­де­гі ор­та­лық уәкі­лет­ті ор­ган­ның де­ректе­рі бой­ын­ша жүр­гі­зіл­ді
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық Бан­кі­нің де­ректе­рі бой­ын­ша жүр­гі­зіл­ді
    Ал­шақ­тық
    Кү­ні
    Тө­лем құ­жа­ты­ның №
    Қа­зы­на­шы­лық ко­ми­те­ті­нің БСК
    Со­ма­сы
    Кү­ні
    Тө­лем құ­жа­ты­ның
    БСК
    Со­ма­сы
    Де­бет
    Кре­дит
    Де­бет
    Кре­дит
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    Барлығы есепке жазылғаны __________________
    Ескертпе: аударылды
    Ай соңындағы қалдық __________________
    Алшақтық себептері:

    Мемлекеттік қазынашылықтың басшысы __________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

    Мемлекеттік қазынашылықтың жауапты орындаушысы ______________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уәкілетті бөлімшесінің басшысы___________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

    Орталық бөлімнің/уәкілетті басқарманың жауапты орындаушысы ____________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

    Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:

    БСК – банктік сәйкестендіру коды.

    ______________________

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2025 жылғы « »

    № қаулысымен

    бекітілген

    Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану туралы жылдық есепті жасау нысандары

    1-нысан

    Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 20 жылдың есепті кезеңіндегі түсімдері мен пайдаланылуы туралы есеп

    Индексі: ФФИНФ-1

    Кезеңділігі: жылдық

    Ұсынады: бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган

    Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Үкіметі

    Ұсыну мерзімі: есептіден кейінгі жылдың 1 маусымына дейінгі мерзімде.

    Р/с №
    Есеп ба­бы­ның ата­уы
    Со­ма, мың тең­ге
    1
    2
    3
    1.
    Ұлт­тық қор­дың есеп­ті ке­зең­нiң ба­сын­да­ғы қа­ра­жа­ты, бар­лы­ғы:
    2.
    2.1.
    Тү­сім­дер, бар­лы­ғы:
    оның ішін­де:
    мұ­най сек­то­ры ұй­ым­да­ры­нан тү­се­тін ті­ке­лей са­лық­тар (жер­гiлiк­тi бюд­жет­тер­ге есеп­ке жат­қы­зы­ла­тын са­лық­тар­ды қо­с­па­ған­да), оның ішін­де:
    кор­по­ра­тив­тік та­быс са­лы­ғы;
    мұ­най сек­то­ры ұй­ым­да­ры­нан ши­кі мұ­най­ға, газ кон­ден­са­ты­на ак­ц­и­з­дер;
    үсте­ме пай­да са­лы­ғы;
    бо­ну­стар;
    пай­да­лы қаз­ба­лар­ды өн­ді­ру са­лы­ғы;
    экс­порт­қа рен­та са­лы­ғы;
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның жа­сал­ған ке­лі­сім­шар­ттар бой­ын­ша өнім­ді бө­лу бой­ын­ша үле­сі;
    1
    2
    3
    өнім­ді бө­лу ту­ра­лы ке­лі­сім­шарт бой­ын­ша қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­шы­ның қо­сым­ша тө­ле­мі және мұ­най сек­то­ры ұй­ым­да­ры­нан тү­се­тін жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­ға ба­ла­ма са­лық;
    2.2.
    мұ­най сек­то­ры ұй­ым­да­ры жү­зе­ге асы­ра­тын опе­ра­ци­я­лар­дан тү­се­тін бас­қа да тү­сім­дер (жер­гі­лік­ті бюд­жет­тер­ге есеп­ке жат­қы­зы­ла­тын тү­сім­дер­ді қо­с­па­ған­да), оның ішін­де:
    ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган­дар, олар­дың аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі мұ­най сек­то­ры ұй­ым­да­ры­на са­ла­тын әкім­ші­лік ай­ып­пұл­дар, өсiм­пұл­дар, санк­ци­я­лар, өн­дiрiп алу­лар, рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен қар­жы­лан­ды­ры­ла­тын мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер мұ­най сек­то­ры ұй­ым­да­ры­на са­ла­тын өзге де ай­ып­пұл­дар, өсiм­пұл­дар, санк­ци­я­лар, өн­дiрiп алу­лар;
    зи­ян­ды өтеу ту­ра­лы та­лап қо­ю­лар бой­ын­ша та­би­ғат пай­да­ла­ну­шы­лар­дан мұ­най­ы­ның сек­то­ры ұй­ым­да­ры ал­ған қа­ра­жат;
    мұ­най сек­то­ры ұй­ым­да­ры­нан тү­се­тін бас­қа да са­лық­тық емес тү­сім­дер;
    2.3.
    ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­да­ғы жер учас­ке­ле­рін са­ту­дан тү­се­тін тү­сім­дер;
    2.4.
    рес­пуб­ли­ка­лық мен­шік­ті же­ке­ше­лен­ді­ру­ден тү­се­тін тү­сім­дер;
    2.5.
    ұлт­тық бас­қа­ру­шы хол­динг­тер­дің, ұлт­тық хол­динг­тер­дің, ұлт­тық ком­па­ни­я­лар­дың және олар­дың ен­ші­лес, тәу­ел­ді және олар­мен үле­стес бо­лып та­бы­ла­тын өзге де заң­ды тұ­лға­лар­дың ак­тив­те­рін бә­се­ке­лес ор­та­ға бе­ру­ден тү­се­тін тү­сім­дер;
    2.6.
    екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер­дің кре­дит­тік порт­фель­де­рі­нің са­па­сын жақ­сар­ту­ға ма­ман­да­на­тын ұй­ым­ның ак­тив­тер­ді са­туы­нан тү­се­тін тү­сім­дер;
    2.7.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық қо­ры­нан бе­рі­ле­тін ны­са­на­лы транс­ферт­тер есе­бі­нен рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен 2024 жы­л­ғы 1 қаң­тар­ға дей­ін бө­лін­ген бюд­жет­тік кре­дит­тер­ді өте­уден тү­се­тін тү­сім­дер;
    2.8.
    рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен бе­рі­ле­тін ны­са­на­лы транс­ферт­ті қай­та­ру;
    2.9.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да тый­ым са­лын­ба­ған өзге де тү­сім­дер мен кiрiстер
    3.
    3.1.
    Пай­да­ла­ну, бар­лы­ғы:
    ке­піл­ден­ді­рі­л­ген транс­ферт;
    1
    2
    3
    3.2.
    3.3.
    3.4.
    ны­са­на­лы транс­ферт­тер;
    Ұлт­тық қор­ды бас­қа­ру­ға және жыл сай­ын аудит жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты за­лал­ды жа­бу;
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес ны­са­на­лы та­лап­тар­ды тө­ле­у­ге және ны­са­на­лы жи­нақ­тар­ды ауда­ру­ға, есеп­ке жат­қы­зу мен тө­ле­у­ге бай­ла­ны­сты банк­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ге ақы тө­ле­у­ге ар­нал­ған шы­ғы­стар
    4.
    4.1.
    4.2.
    Ин­ве­сти­ци­я­лық кі­ріс, бар­лы­ғы:
    бас­қа­ру нәти­же­ле­рі бой­ын­ша тең­ге­мен есеп­тел­ген пай­да/за­лал;
    қай­та есеп­теу ке­зін­де­гі ба­ғам­дық ай­ыр­ма
    5.
    Ұлт­тық қор­дың есеп­тел­ген және тө­лен­бе­ген шы­ғы­ста­ры со­ма­сы­ның өзге­руі
    6.
    Мер­зі­мі­нен бұ­рын өте­уді ес­кер­ген­де, ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор субъ­ек­ті­ле­рі­нің бо­ры­штық ба­ға­лы қа­ға­з­да­ры­ның ба­стап­қы та­ну ке­зін­де­гі әділ (на­рық­тық) құ­ны мен нақ­ты құ­ны ара­сын­да­ғы ай­ыр­ма
    7.
    Ай­ыр­ма мен дөң­ге­лек­теу, оның ішін­де өт­кен жыл­дар­да­ғы қар­жы­лық есеп­ті­лік­те көр­се­ті­л­ген­дер
    8.
    Ұлт­тық қор­дың есеп­тi ке­зең­нің со­ңын­да­ғы қа­ра­жа­ты, бар­лы­ғы:

    Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның басшысы _______________________________________________________________ (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның жауапты орындаушысы _______________________________________________________________ (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    ______________________

    2-нысан

    Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 20 жылдың есепті кезеңіндегі активтері мен міндеттемелері туралы есеп

    Индексі: ФФИНФ-2

    Кезеңділігі: жыл сайын

    Ұсынады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

    Қайда ұсынылады: бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган

    Ұсыну мерзімі: Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шартқа сәйкес

    (мың теңге)

    Бап­тар­дың ата­уы
    Ағым­да­ғы ке­зең­нің со­ңы­на
    Өт­кен жыл­дың со­ңы­на
    1
    2
    3
    Ак­тив­тер
    ...
    Ак­тив­тер­дің жиы­ны
    Мін­дет­те­ме­лер
    ...
    Мін­дет­те­ме­лер­дің жиы­ны
    Та­за ак­тив­тер

    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары _______________________________________________________________ (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есептілікті жасауға жауапты бөлімшесінің басшысы _______________________________________________________________ (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    ______________________

    3-нысан

    Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 20__ жылдың есепті кезеңіндегі жиынтық кірісі туралы есеп

    Индексі: ФФИНФ-3

    Кезеңділігі: жыл сайын

    Ұсынады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

    Қайда ұсынылады: бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган

    Ұсыну мерзімі: Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шартқа сәйкес.

    (мың теңге)

    Бап­тар­дың ата­уы
    Ағым­да­ғы жыл­дың ба­сы­нан бер­гі ке­зең үшін
    Өт­кен жыл үшін
    1
    2
    3
    Кі­рі­стер
    ...
    Кі­рі­стер­дің жиы­ны
    За­лал­дар
    ...
    За­лал­дар­дың жиы­ны
    ...
    Та­за пай­да/(за­лал)
    Өзге де жиын­тық кі­ріс/(за­лал)
    ...
    Өзге де жиын­тық кі­ріс/(за­лал)
    Ке­зең ішін­де­гі жиын­тық кі­рі­стің/(за­лал­дың) бар­лы­ғы

    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары _______________________________________________________________ (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есептілікті жасауға жауапты бөлімшесінің басшысы _______________________________________________________________ (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    ______________________

    4-нысан

    Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 20__ жылдың есепті кезеңіндегі ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп

    Индексі: ФФИНФ-4

    Кезеңділігі: жыл сайын

    Ұсынады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

    Қайда ұсынылады: бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган

    Ұсыну мерзімі: Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шартқа сәйкес.

    (мың теңге)

    Бап­тар­дың ата­уы
    Ағым­да­ғы жыл­дың ба­сы­нан бер­гі ке­зең үшін
    Өт­кен жыл үшін
    Опе­ра­ци­я­лық қыз­мет­тен тү­се­тін ақ­ша­лай қа­ра­жат­тың қоз­ға­лы­сы:
    Та­за пай­да/(за­лал)
    Мы­на­лар­ға тү­зе­ту­лер:
    ...
    Опе­ра­ци­я­лық қыз­мет­тен тү­се­тін ақ­ша қа­ра­жа­ты­ның опе­ра­ци­я­лық ак­тив­тер­де­гі және мін­дет­те­ме­лер­де­гі өзге­рі­стер­ге дей­ін­гі қоз­ға­лы­сы
    Опе­ра­ци­я­лық ак­тив­тер­дің (ұл­ға­юы)/аза­юы:
    ...
    Опе­ра­ци­я­лық мін­дет­те­ме­лер­дің ұл­ға­юы/(аза­юы):
    ...
    Ақ­ша­лай қа­ра­жат­тың опе­ра­ци­я­лық қыз­мет­те­гі (қыз­мет­тен) та­за тү­сі­мі/(пай­да­ла­ны­луы)
    Ақ­ша­лай қа­ра­жат­тың ин­ве­сти­ци­я­лық қыз­мет­тен тү­се­тін қоз­ға­лы­сы:
    ...
    Ақ­ша­лай қа­ра­жат­тың ин­ве­сти­ци­я­лық (қыз­мет­тен) қыз­мет­те­гі та­за тү­сі­мі/(пай­да­ла­ны­луы)
    Қар­жы­лық қыз­мет­тен тү­се­тін ақ­ша­лай қа­ра­жат­тың қоз­ға­лы­сы:
    ...
    1
    2
    3
    Ақ­ша­лай қа­ра­жат­тың қар­жы­лық (қыз­мет­тен) қыз­мет­те­гі та­за тү­сі­мі/(пай­да­ла­ны­луы)
    Ақ­ша­лай қа­ра­жат­тың және олар­дың ба­ла­ма­ла­ры­ның та­за ұл­ға­юы/(аза­юы)
    ...
    Ке­зең­нің ба­сын­да­ғы ақ­ша­лай қа­ра­жат және оның ба­ла­ма­ла­ры (за­лал­ға ар­нал­ған ба­ға­лау ре­зер­він ше­гер­ген­ге дей­ін)
    Ке­зең­нің со­ңын­да­ғы ақ­ша­лай қа­ра­жат және оның ба­ла­ма­ла­ры (за­лал­ға ар­нал­ған ба­ға­лау ре­зер­він ше­гер­ген­ге дей­ін)

    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары _______________________________________________________________ (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есептілікті жасауға жауапты бөлімшесінің басшысы _______________________________________________________________ (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    ______________________

    5-нысан

    Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза активтеріндегі 20__ жылдың есепті кезеңіндегі өзгерістер туралы есеп

    Индексі: ФФИНФ-5

    Кезеңділігі: жыл сайын

    Ұсынады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

    Қайда ұсынылады: бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган

    Ұсыну мерзімі: Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару туралы шартқа сәйкес.

    (мың теңге)

    Бап­тар­дың ата­уы
    Тү­сім­дер
    Ауда­рым­дар
    Та­за пай­да/ (за­лал)
    Ва­лю­та­ны қай­та ба­ға­лау бой­ын­ша ре­зерв
    Та­за ак­тив­тер­дің жиы­ны
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    Өт­кен ке­зең­нің ба­сын­да­ғы қал­дық
    Та­за пай­да/(за­лал)
    Өзге де жиын­тық кі­ріс
    Кей­ін­нен пай­да­ның неме­се за­лал­дың құ­ра­мын­да қай­та жік­тел­мей­тін бап­тар:
    ...
    Кей­ін­нен пай­да­ның неме­се за­лал­дың құ­ра­мын­да қай­та жік­тел­мей­тін бап­тар­дың бар­лы­ғы:
    Ке­зең­де­гі өзге де жиын­тық кі­рі­стің бар­лы­ғы
    Мен­шік ие­ле­рі­мен жа­са­ла­тын, та­за ак­тив­тер­дің құ­ра­мын­да ті­ке­лей көр­се­ті­л­ген опе­ра­ци­я­лар
    ...
    Мен­шік ие­ле­рі­мен жа­са­ла­тын, та­за ак­тив­тер­дің құ­ра­мын­да ті­ке­лей көр­се­ті­л­ген опе­ра­ци­я­лар­дың бар­лы­ғы
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    Өт­кен ке­зең­нің со­ңын­да­ғы қал­дық
    Тү­сім­дер
    Ауда­рым­дар
    Та­за пай­да/ (за­лал)
    Ва­лю­та­ны қай­та ба­ға­лау бой­ын­ша ре­зерв
    Та­за ак­тив­тер­дің жиы­ны
    Ағым­да­ғы ке­зең­нің ба­сын­да­ғы қал­дық
    Та­за пай­да/(за­лал)
    Өзге де жиын­тық кі­ріс
    Кей­ін­нен пай­да­ның неме­се за­лал­дың құ­ра­мын­да қай­та жік­тел­мей­тін бап­тар:
    ...
    Кей­ін­нен пай­да­ның неме­се за­лал­дың құ­ра­мын­да қай­та жік­тел­мей­тін бап­тар­дың бар­лы­ғы:
    Ке­зең­де­гі өзге де жиын­тық кі­рі­стің бар­лы­ғы
    Мен­шік ие­ле­рі­мен жа­са­ла­тын, та­за ак­тив­тер­дің құ­ра­мын­да ті­ке­лей көр­се­ті­л­ген опе­ра­ци­я­лар
    ...
    Мен­шік ие­ле­рі­мен жа­са­ла­тын, та­за ак­тив­тер­дің құ­ра­мын­да ті­ке­лей көр­се­ті­л­ген опе­ра­ци­я­лар­дың бар­лы­ғы
    Ағым­да­ғы ке­зең­нің со­ңын­да­ғы қал­дық

    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары _______________________________________________________________ (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есептілікті жасауға жауапты бөлімшесінің басшысы _______________________________________________________________ (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2025 жылғы « »

    № қаулысымен

    бекітілген

    Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есепті жасау қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есепті жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 57-бабының 10-тармағына және 64-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын (бұдан әрі – Ұлттық қор) қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есепті жасау тәртібін айқындайды.

    2-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есепті жасау тәртібі

    2. Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану туралы есептілік Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 64-бабына сәйкес жүргізіледі.

    3. Ұлттық қордың түсімдері мен пайдаланылуы туралы есепті мемлекеттік қазынашылық есепті айдан кейінгі айдың 5-і және 20-ы күні тиісінше 1-і және 15-і күнгі жағдай бойынша жасайды.

    4. Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен (бұдан әрі – Ұлттық Банкі) бірлесіп Ұлттық қор аудитінің нәтижелерін енгізе отырып, жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырына дейін жасайды.

    5. Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есеп мыналарды қамтиды:

    осы қаулымен бекітілген 1-нысан бойынша Ұлттық қордың есепті кезеңдегі түсімдері мен пайдаланылуы туралы есеп;

    Ұлттық қорды сенімгерлік басқару бойынша Ұлттық Банктің қызметі туралы есеп, ол нысандар бойынша мынадай есептерден тұрады:

    1) осы қаулымен бекітілген 2-нысан бойынша Ұлттық қордың есепті кезеңдегі активтері мен міндеттемелері туралы есеп;

    2) осы қаулымен бекітілген 3-нысан бойынша Ұлттық қордың есепті кезеңдегі жиынтық кірісі туралы есеп;

    3) осы қаулымен бекітілген 4-нысан бойынша Ұлттық қордың есепті кезеңдегі ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;

    4) осы қаулымен бекітілген 5-нысан бойынша Ұлттық қордың есепті кезеңдегі таза активтеріндегі өзгерістер туралы есеп.

    6. Бюджет кодексі 64-бабының 3-тармағына сәйкес Үкімет Ұлттық Банкпен бірлесіп жылдық есепті жүргізілген сыртқы аудит нәтижелерімен қоса, ағымдағы жылғы 1 маусымнан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне енгізеді.

    Ұлттық қорды сенімгерлік басқару нәтижелері бойынша аудиттелген жылдық қаржылық есептілікке бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның басшысы, Ұлттық Банктің Төрағасы және бас бухгалтері қол қояды.

    7. Ұлттық Банк және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Ұлттық қорды сенімгерлік басқару туралы шартта көзделген міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді.

    ______________________

    Қазақстан Республикасы

    Үкiметiнiң

    2025 жылғы « »

    № қаулысына

    қосымша

    Қазақстан Республикасы Үкiметінiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

    1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 267 қаулысы.

    2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 267 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1188 қаулысы.

    3. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 267 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 408 қаулысы.

    4. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 267 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 154 қаулысы.

    5. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 267 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 1 қарашадағы № 821 қаулысы.

    6. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 267 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 296 қаулысы.

    7. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 267 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 210 қаулысы.

    8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 ақпандағы № 121 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы.

    9. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау нысандары мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 267 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 349 қаулысы.

    ______________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.