Зеренді аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2-9 «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зеренді аудандық мәслихатының «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы» 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2-9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8336 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
38, 39-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«38. «Гүлзат» дүкенінің жанында орналасқан алаң, Симферополь ауылы, Жеңіс көшесі, 9.
39. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Симферополь ауылы, Жеңіс, 9 көшесінен Ахмет Байтұрсынұлы, 10 б көшесіне дейін.»;
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасында:
4-тармақтың 38), 39) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
«38) «Гүлзат» дүкенінің жанында орналасқан алаң, Симферополь ауылы, Жеңіс көшесі, 9, шекті толу нормасы 50 адам;
39) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Симферополь ауылы, Жеңіс, 9 көшесінен Ахмет Байтұрсынұлы, 10 б көшесіне дейін, шекті толу нормасы 50 адам;».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың төрағасы
Р.Ғабдуллина
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.