Семей қаласы бойынша 2025 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 – бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы « Құқықтық актілер туралы » Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушысының 2023 жылғы 27 желтоқсанындағы «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 181 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» № 347 бұйрығына сәйкес, Абай облысы Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Семей қаласы бойынша 2025 жылға шетелдіктер үшін туристік жарнаның ставкасы қалалар мен аудандардағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Семей қаласы мәслихатының төрағасы
А. Бекжасаров
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.