«Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 292 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 маусым 2025 ж.

    «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 292 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 292 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9672 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

    «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы»;

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Қоса беріліп отырған «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:

    тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

    «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары»;

    1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылын:

    «1. Осы «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 34) және 35) тармақшаларына сәйкес әзірленді және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсету) тәртібін айқындайды.

    2. Осы қағида спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақат алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлеуді жүзеге асыру мақсатында әзірленген.

    3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) бойынша мемлекеттік қызметті көрсететін орган болып табылады.»;

    5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың пакетін ұсына отырып, «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүгінеді.

    Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада сәйкес жазылған.»;

    10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «10. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға өтемақы төлеу туралы хабарлама немесе осы Тізбенің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

    Өтемақы төлемі халықаралық спорттық жарыстарда спорттық жарақат алған және мертіккен адамдарды емдеуге және оңалтуға жұмсалған шығындардың құны мөлшерінде Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктегі көрсетілетін қызметті алушының есеп шотына ақшаны аудару арқылы жүргізіледі.»;

    12, 13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «12. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым лауазымды адамның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) беріледі.

    Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасаған лауазымды адамға беріледі.

    Көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі қарайтын органға жібереді.

    Бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді немесе әкімшілік әрекетті қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

    Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағым жасау қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылатын әкімшілік орган, лауазымды адам сотқа пікірмен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамының уәжді ұстанымын ұсынады.

    13. Шағым жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысанда «Электрондық өтініштер» ақпараттық талдау жүйесі немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы беріледі.

    14. Шағымда мыналар көрсетіледі:

    1) шағымды қарайтын органның атауы;

    2) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

    3) жеке тұлғаның нақты тұратын және заңды тұлғаның орналасқан жерінің мекенжайы;

    4) әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылатын әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;

    5) әкімшілік рәсімге қатысушы өз талаптарын және дәлелдерін негіздейтін мән-жайлар;

    6) шағым беру күні;

    7) әкімшілік рәсімге қатысушының қолы;

    8) шағымға қоса берілетін құжаттардың тізбесі;

    9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтер.»;

    «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;

    2) осы бұйрықты қолданысқа енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;

    3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі

    Е. Мырзабосынов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Цифрлық даму, инновациялар және

    аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Денсаулық сақтау министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    туризм және спорт

    министрі

    2025 жылғы 26 маусымдағы

    № 103

    бұйрығына

    1-қосымша

    «Спорт түрлері бойынша

    Қазақстан Республикасы ұлттық

    командаларының мүшелеріне

    олардың халықаралық спорттық

    жарыстарда жарақаттар алуы

    және мертігуі кезінде өтемақы

    төлемдерін төлеу» мемлекеттік

    қызметін көрсету қағидаларына

    1-қосымша

    «Спорт түр­ле­рі бой­ын­ша Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ұлт­тық ко­ман­да­ла­ры­ның мү­ше­ле­ріне олар­дың ха­лы­қа­ра­лық спорт­тық жа­ры­стар­да жа­ра­қат­тар алуы және мер­ті­гуі ке­зін­де өте­ма­қы тө­лем­де­рін тө­леу» мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сі
    1.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ту­ризм және спорт ми­ни­стр­лі­гі­нің Спорт және дене шы­нық­ты­ру іс­те­рі ко­ми­те­ті (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші).
    2.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тә­сіл­де­рі
    Құ­жат­тар­ды қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы» ком­мер­ци­я­лық емес ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­на (бұ­дан әрі - Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция) неме­се «элек­трон­дық үкі­мет­тің» www.​egov.​kz веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі - пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    3.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
    Құ­жат­тар­ды Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға неме­се пор­тал ар­қы­лы тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап - 5 (бес) жұ­мыс кү­ні. Құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сы­ру­ға ар­нал­ған ең жо­ға­ры шек­ті уа­қы­ты – 30 (отыз) ми­нут. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қыз­мет көр­се­ту­ге ар­нал­ған ең жо­ға­ры шек­ті уа­қы­ты – 30 (отыз) ми­нут. Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда құ­жат­тар­ды қа­был­дау кү­ні мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­міне кір­мей­ді.
    4.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­ды (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) / қа­ғаз тү­рін­де.
    5.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға өте­ма­қы тө­леу ту­ра­лы ха­бар­ла­ма неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап. Пор­тал­да – Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет нәти­же­сін алу үшін уәкі­лет­ті ла­у­а­зым­ды тұл­ға­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (бұ­дан әрі – ЭЦҚ) ку­әлан­ды­ры­л­ған мем­ле­кет­тік қыз­мет нәти­же­сі­нің дай­ынды­ғы ту­ра­лы ха­бар­ла­ма.
    6.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рін және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Же­ке тұ­лға­лар­ға те­гін.
    7.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет бе­ру­ші: Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13.00 – ден 14.30 – ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00 – ден 18.30 – ға дей­ін.
    Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция: Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес ме­ре­ке және де­ма­лыс күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін үзі­ліс­сіз жү­зе­ге асы­ры­ла­ды, мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту бө­лім­де­рі­нің ке­зек­ші­ле­рі дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін және сен­бі кү­ні са­ғат 9.00-ден 13.00-ге дей­ін.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның таң­да­уы бой­ын­ша же­дел­де­ті­л­ген қыз­мет көр­се­ту­сіз «элек­трон­дық» ке­зек тәр­ті­бі­мен көр­се­ті­ле­ді неме­се пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ке­зек­ті брон­да­у­ға бо­ла­ды.
    Пор­тал: жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен-жай­ла­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ту­ризм және спорт ми­ни­стр­лі­гі­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да: www.​gov.​kz/​ent​itie​s/​tsm «Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
    8.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат неме­се цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен алын­ған цифр­лық құ­жат және (неме­се) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның (се­нім біл­ді­рі­л­ген өкі­лі) жү­гін­ген кез­де – но­та­ри­ус ку­әлан­дыр­ған се­нім­хат (се­нім біл­ді­ру­ші­нің) (сәй­кестен­ді­ру үшін);
    2) осы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сіне қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өте­ма­қы тө­лем­де­рін жү­зе­ге асы­ру­ға ар­нал­ған өті­ніш;
    3) ти­іс­ті ха­лы­қа­ра­лық спорт­тық жа­ры­стар­ға қа­тыс­қа­нын рас­тай­тын құ­жат;
    4) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ту­ризм және спорт ми­ни­стр­лі­гі Спорт және дене шы­нық­ты­ру іс­те­рі ко­ми­те­ті­нің «Спорт­тық ме­ди­ци­на және оңал­ту ор­та­лы­ғы» рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік қа­зы­на­лық кә­сі­пор­ны бер­ген, ха­лы­қа­ра­лық спорт­тық жа­ры­ста ал­ған жа­ра­қат және мер­ті­гуі бой­ын­ша ди­а­гно­зы көр­се­ті­л­ген ме­ди­ци­на­лық қо­ры­тын­ды;
    5) мін­дет­ті ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру жүй­е­сін­де­гі те­гін ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің және (неме­се) ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің ке­піл­дік бе­рі­л­ген кө­ле­мі­нен тыс спорт­тық жа­ра­қат ал­ған және мер­тіккен адам­ды ем­де­у­ге және (неме­се) оңал­ту­ға жұм­сал­ған шы­ғын­дар­дың құ­нын рас­тай­тын құ­жат; пор­тал­ға:
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы сұ­рау са­лу;
    2) элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да ти­іс­ті ха­лы­қа­ра­лық спорт­тық жа­ры­стар­ға қа­тыс­қа­нын рас­тай­тын құ­жат;
    3) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ту­ризм және спорт ми­ни­стр­лі­гі Спорт және дене шы­нық­ты­ру іс­те­рі ко­ми­те­ті­нің «Спорт­тық ме­ди­ци­на және оңал­ту ор­та­лы­ғы» рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік қа­зы­на­лық кә­сі­пор­ны бер­ген, ха­лы­қа­ра­лық спорт­тық жа­ры­ста ал­ған жа­ра­қат және мер­ті­гуі бой­ын­ша ди­а­гно­зы көр­се­ті­л­ген құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі ны­са­нын­да­ғы ме­ди­ци­на­лық қо­ры­тын­ды;
    4) мін­дет­ті ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру жүй­е­сін­де те­гін ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің және (неме­се) ме­ди­ци­на­лық кө­мек­тің ке­піл­дік бе­рі­л­ген кө­ле­мі­нен тыс спорт­тық жа­ра­қат ал­ған және мер­тіккен адам­ды ем­де­у­ге және (неме­се) оңал­ту­ға жұм­сал­ған шы­ғын­дар­дың құ­нын рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық ны­са­нын­да­ғы құ­жат.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын, құ­жат­тар­дың мә­лі­мет­те­рін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция қыз­мет­ке­рі ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды.
    9.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­де­рі
    1) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гін анық­та­уы;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің осы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сі­нің 8-тар­ма­ғын­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы.
    10.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
    Ор­га­низм функ­ци­я­ла­ры­ның тұ­рақ­ты бұ­зы­луы бар, өзіне-өзі қыз­мет көр­се­ту, өзді­гі­нен жү­ріп-тұ­ру, бағ­дар­лай алу қа­бі­ле­ті­нен неме­се мүм­кін­ді­гі­нен то­лық неме­се іші­на­ра ай­ы­ры­л­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін құ­жат­тар­ды қа­был­да­уды Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция қыз­мет­ке­рі тұр­ғы­лық­ты же­ріне ба­рып, бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы өті­ніш бе­ру жо­лы­мен жүр­гі­зе­ді.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы өзі­нің ЭЦҚ болған жағ­дай­да, мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу­ға сұ­ра­ны­сты пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да жі­бе­ре­ді.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға өті­нім бер­ген кез­де дәй­ек­ті­лі­гін қол­таң­ба­мен неме­се ЭЦҚ-мен рас­тай оты­рып, мы­на­дай де­ректер­ді көр­се­те­ді: тұр­ғы­лық­ты же­рі­нің (ор­на­лас­қан же­рі­нің) ме­кен­жайы, ұя­лы бай­ла­ны­стың або­нент­тік нө­мі­рі, элек­трон­дық ме­кен­жайы.
    Цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі мо­биль­дік қо­сым­ша­да және пай­да­ла­ну­шы­лар­дың ақ­па­рат­тық жүй­е­ле­рін­де ав­то­ри­за­ци­я­лан­ған субъ­ек­ті­лер үшін қол­же­тім­ді. «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 5-ба­бы 2-тар­ма­ғы­ның 11) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ақ­па­рат­тан­ды­ру са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган бел­гі­ле­ген тәр­тіп­пен мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту са­ты­сы ту­ра­лы де­ректер­ді мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мо­ни­то­рин­гі­нің ақ­па­рат­тық жүй­е­сіне ен­гі­зу­ді қам­та­ма­сыз ете­ді.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­на ұсы­на­ды.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да көр­се­ті­л­ген те­ле­фон­дар неме­се бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның 1414, 8 800 080 7777 те­ле­фо­ны бой­ын­ша ала­ды.

    «Спорт түрлері бойынша

    Қазақстан Республикасы ұлттық

    командаларының мүшелеріне

    олардың халықаралық спорттық

    жарыстарда жарақаттар алуы

    және мертігуі кезінде өтемақы

    төлемдерін төлеу» мемлекеттік

    қызмет көрсетуге негізгі

    талаптар тізбесіне

    қосымша

    Нысан

    Кiмге ____________________

    (көрсетілетін қызметті

    берушінің басшысының

    лауазымы, тегi, аты, әкесінің аты

    (ол болған жағдайда)

    Кiмнен ___________________

    (көрсетілетін қызметті

    алушының, тегi, аты, әкесінің аты

    (ол болған жағдайда)

    _________________________

    (мекенжайы және телефон

    нөмірі)

    Өтініш

    Сiзден ______________________________________________

    ______________________________________________

    ______________________________________________

    сұраймын.

    Банк деректемелері:

    Банктің атауы _________________________________

    Банк шотының № ______________________________

    Шот түрі: ағымдағы ____________________________

    Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 292 бұйрығымен бекітілген «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың осы тізбесінің 8-тармағында көзделген ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

    _____________________________________ ________

    (тегi, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)

    20____жылғы «_____» ____________

    Өтiнiштiң түскен күнi 20____жылғы «_____»

    _____________________________________ ________

    (өтінішті қабылдаған тұлғаның қолы, тегi, аты, әкесінің аты (қолы) (ол болған жағдайда)

    Қазақстан Республикасы

    туризм және спорт

    министрі

    2025 жылғы 26 маусымдағы

    № 103

    бұйрығына

    2-қосымша

    «Спорт түрлері бойынша

    Қазақстан Республикасы ұлттық

    командаларының мүшелеріне

    олардың халықаралық спорттық

    жарыстарда жарақаттар алуы

    және мертігуі кезінде өтемақы

    төлемдерін төлеу» мемлекеттік

    қызметін көрсету қағидаларына

    2-қосымша

    Нысан

    (көрсетілетін қызметті алушының

    __________________________

    тегi аты, әкесінің аты, (ол болған жағдайда)

    __________________________

    немесе ұйымның атауы)

    ___________________________

    (көрсетілетін қызметті алушының

    мекенжайы)

    Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

    «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) филиалының №__________________ бөлімі

    ______________________________________________

    (заңды мекенжайы көрсетілсін)

    Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда атауы жоқ және (немесе) құжаттардың қолданылу мерзімі өткен):

    1)___________________________________________;

    2)___________________________________________;

    3)___________________________________________.

    Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

    Мемлекеттік корпорацияның қызметкері:

    ________________________________ _____________

    (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)

    Орындаушы: _________________________ ________

    (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)

    Байланыс телефонының нөмірі __________________

    Алдым: ______________________________ ________

    (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (қолы) (болған жағдайда)

    20__ жылғы «__»"_________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.