Шымкент, Түркiстан қалаларындағы әскери-техникалық мектептерде 2001-2002 оқу жылында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшiн мамандар дайындау туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 тамыз 2001 ж.

    Шымкент, Түркiстан қалаларындағы әскери-техникалық мектептерде 2001-2002 оқу жылында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшiн мамандар дайындау туралы

    Қазақстан Республикасының "Жалпыға бiрдей әскери мiндет және әскери қызмет туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлiгiнiң 2001-2002 оқу жылында Қарулы Күштер үшiн әскери-техникалық мамандар дайындау жөнiндегi жоспарына сәйкес:

    1. Шымкент әскери-техникалық мектебiне 2001-2002 оқу жылында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшiн мамандар: 240 жүргiзушi, 50 радиотелеграфист, Түркiстан әскери-техникалық мектебiне 210 жүргiзушi дайындау тапсырмасы жеткiзiлсiн.

    2. Облыстық әскери комиссар (А.А.Саттаров - келiсiм бойынша) Шымкент және Түркiстан әскери-техникалық мектептерiнiң бастықтарымен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшiн 2001-2002 оқу жылында мамандар дайындаудың тәртiбi мен мерзiмiн анықтасын.

    3. Қала және аудан әкiмдерi, облыстық әскери комиссар (А.А.Саттаров - келiсiм бойынша):

    1) Шымкент және Түркiстан қалаларындағы әскери-техникалық мектептерге оқушыларды дер кезiнде жинақтауды және әскери-техникалық мамандар дайындау жоспарының орындалуын қамтамасыз етсiн. әскери-техникалық мамандар дайындау үшiн iрiктелiп алынған шақырылушылар жүргiзушiлiкке жарамдылықты анықтау жөнiндегi комиссияның медициналық куәлендiруiнен, сондай-ақ алған әскери-техникалық мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiндегi әскери қызметке жарамдылығын тексеретiн әскери комиссариаттардың жандарынан құрылған медициналық комиссиядан өткiзiлсiн. Әскери-техникалық мектептерге оқуға ауру, сотталған шақырылушыларды және кезектi шақыруға жатпайтындарды жiберу жағдайларына жол берiлмесiн.

    Қазақстан Республикасының "Жалпыға бiрдей әскери мiндет және әскери қызмет туралы" Заңына сәйкес өндiрiстен қол үзе отырып, әскери-техникалық мектепте дайындаудан өтетiн шақырылушылардың оқу кезiнде жұмыс орны, негiзгi жұмыс орнындағы лауазымы сақталады және орташа айлық жалақысы төленедi.

    2) Қазақстан Республикасының әскери-техникалық мектептерiнде дайындаудан өткен мамандардың ғана емес, сонымен бiрге меншiк нысанына қарамастан барлық ұйымдардағы, мекемелердегi және шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiндегi шақырылушылардың есебi жүргiзiлсiн және әскерге Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлiгiнiң әскери тапсырмасына сәйкес әскери-техникалық мамандары бойынша жiберiлсiн.

    4. Әскери-техникалық мектептердiң бастықтары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшiн жаңа 2001-2002 оқу жылына әскери-техникалық мамандар дайындау жоспарының толық әрi сапалы орындалуын қамтамасыз етсiн.

    5. Қала және аудан әкiмдерi әскери-техникалық мамандар дайындаудан өтетiн шақырылушылардың оқу кезiнде қалалық жолаушылар көлiгiнде жеңiлдiкпен жүру мәселесiн шешсiн.

    6. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Д.Мыңбайға жүктелсiн.

    Облыс әкімі

    Б. Сапарбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.