Әйтеке би аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27- бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Әйтеке би аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Әйтеке би аудандық мәслихатының ««Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы» 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 8 шешімі;
2) Әйтеке би аудандық мәслихатының «Әйтеке би аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 8 ««Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 26 маусымдағы № 54 шешімі.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әйтеке би аудандық мәслихатының төрағасы
Б. Сейлханов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.