«СК АПРИОРИ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, өтініш негізінде, Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «СК АПРИОРИ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Рудный қаласы, Ленин көшесі, 48/2 үй мекенжайы бойында «Кеңсе жайлары бар тұрғын үйді абаттандыру және кірме жолдарды салу» жобасы бойынша абаттандыру және кірме жолдардын төсеу және пайдалану мақсатында көлемі 0,0951 га жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Рудный қаласының әкімі
В. Ионенко
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.