«Ақтөбе облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2011 жылғы 12 қазандағы № 328 және Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2011 жылғы 12 қазандағы № 415 бірлескен қаулысына және шешіміне өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Ақтөбе облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2011 жылғы 12 қазандағы № 328 және Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2011 жылғы 12 қазандағы № 415 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3378 болып тіркелген) бірлескен қаулысына және шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың шешімінің қосымшасында:
Ойыл ауданы бойынша:
Ойыл ауылдық округі бойынша - 262-жолы «Екпетал ауылы» алып тасталсын.
2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі
А. Шахаров
Облыстық мәслихаттың төрағасы
Г. Суентаева
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.