«Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы» Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 162 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 маусым 2025 ж.

    «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы» Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 162 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Ақтөбе облыстық мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 162 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы» шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

    «1. Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органы айқындаған тәртібі мен шарттарына сәйкес түзету коэффициентін есепке алмағанда, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жүз пайыз мөлшерінде ынталандыру үстемеақылары белгіленсін.».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Облыстық мәслихаттың төрағасы

    Г. Сүйінтаева

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.