Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне ведомстволық бағынысты коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 маусым 2025 ж.

    Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне ведомстволық бағынысты коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органы айқындаған тәртібі мен шарттарына сәйкес «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне ведомстволық бағынысты коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылары осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Облыстық мәслихаттың төрағасы

    Г. Сүйінтаева

    2025 жылғы 27 маусымдағы

    № 226 облыстық мәслихаттың

    шешіміне қосымша

    Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне ведомстволық бағынысты коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар

    № п/п
    Ла­у­а­зым­дар­дың (ата­у­лар­дың) то­лық жа­зы­луы
    Ла­у­а­зым­дық ай­лы­қа­қы­ға үсте­ме­а­қы мөл­ше­рі
    1.
    Ди­рек­тор
    30 %
    2.
    Ди­рек­тор­дың орын­ба­са­ры
    30 %
    3.
    Бас есеп­ші
    30 %
    4.
    Есеп­ші, эко­но­мист, мем­ле­кет­тік са­тып алу жө­нін­де­гі ма­ма­ны
    30 %
    5.
    Бө­лім бас­шы­сы
    30 %
    6.
    Әкім­ші­лік және тех­ни­ка­лық қыз­мет­кер­лер (заң­гер, кадр жө­нін­де­гі ма­ман, іс жүр­гі­зу­ші, ре­фе­рент, бағ­дар­ла­ма­шы, ме­не­джер, хат­шы, рұқ­сат­та­ма бю­ро­сы­ның ке­зек­ші­сі, бай­ла­ныс­шы)
    30 %
    7.
    Әр түр­лі жұ­мыс­шы­лар (та­за­ла­у­шы, кү­зет­ші, аула сы­пы­ру­шы, ағаш ұста­сы, элек­трик, сан­тех­ник және т.б.)
    30 %
    8.
    Жүр­гі­зу­ші
    30 %
    9.
    Ар­найы тех­ни­ка­ның жүр­гі­зу­ші­сі
    70 %
    10.
    Трак­тор­шы
    70 %
    11.
    Ин­же­нер-гид­ро­тех­ник, ин­же­нер-энер­ге­тик, ин­же­нер-гид­ро­метр
    50 %
    12.
    Ме­ха­ник
    50 %
    13.
    Су құ­ры­л­ғы­ла­рын ба­қы­ла­у­шы
    50 %

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.