«Ақтөбе облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы» Ақтөбе облыстық мәслихатының 2022 жылғы 8 маусымдағы № 139 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 маусым 2025 ж.

    «Ақтөбе облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы» Ақтөбе облыстық мәслихатының 2022 жылғы 8 маусымдағы № 139 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6, 7-баптарына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасы Заңының 27, 50-баптарына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Ақтөбе облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28467 тіркелген) Ақтөбе облыстық мәслихатының 2022 жылғы 8 маусымдағы № 139 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Облыстық мәслихаттың төрағасы

    Г. Суентаева

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.