Абай облысы Бесқарағай ауданы Малая Владимировка ауылының шекараларын (шегін) белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Бесқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай облысы Бесқарағай ауданы Мало-Владимировка ауылдық округінің Малая Владимировка ауылының шекарасы (шегі) 8322,0 гектар жалпы алаңымен, осы бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Бесқарағай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бесқарағай ауданының әкімі
Н. Кошкарбаев
Бесқарағай аудандық мәслихатының төрағасы
М. Абылгазинова
Бірлескен Бесқарағай ауданының әкімдігінің
2025 жылғы 25 маусымдағы
№ 161 қаулысына және
Бесқарағай аудандық маслихатының
2025 жылғы 25 маусымдағы
№ 28/6-VIII шешіміне
қосымша
Малая Владимировка ауылының жерлері шекараларының (шегі) СЫЗБАСЫ
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.