Алматы қаласында тауарлық газды тұтыну нормаларын бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 мамыр 2025 ж.

    Алматы қаласында тауарлық газды тұтыну нормаларын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңының 7 бабы 5 тармағы 6-2) тармақшасына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласында тауарлық газды тұтыну нормалары бекітілсін.

    2. «Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте:

    1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

    2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Алматы қаласының әкімі

    Д. Сатыбалды

    Алматы қаласы әкімдігінің

    2025 жылғы «___» _________№ _______

    қаулысымен бекітілген

    Алматы қаласында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газ бойынша ваучерлер ұсыну үшін тұтыну нормалары

    Та­у­ар­лық га­з­ды тұ­ты­ну си­патта­ма­сы
    Жы­лы­ту мау­сы­мын­да­ғы ай­лық нор­ма, м³
    Жы­лы­ту мау­сы­мы­нан тыс ай­лық нор­ма, м³
    Жы­лы­ту қа­занды­ғы, газ пли­та­сы және су жы­лыт­қы­шы бар үй ша­ру­а­шы­лы­ғы.
    710
    148
    Аббревиатуралардың толық жазылуы:
    м³ - текше метр.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.