«Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметін жетілдіру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 137 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметін жетілдіру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 137 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты туралы ережеде:
15-тармақта:
7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Кеңестің аудандық және оған теңестірілген сот (бұдан әрі – аудандық сот) судьясының, облыстық және оған теңестірілген соттың (бұдан әрі – облыстық сот) сот алқасы төрағасының, судьясының, кассациялық сот судьясының, Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына орналасуға конкурстық іріктеуді өткізуін ұйымдастыру;
8) аудандық сот судьясының, облыстық соттың сот алқасы төрағасының, судьясының, кассациялық сот судьясының, Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысатын адамдардың құжаттарын қойылған талаптарға сәйкестігі тұрғысынан алдын ала қарау;»;
9) тармақшада:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«облыстық соттар төрағаларының, кассациялық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларға қатысты Жоғарғы Сот Төрағасының ұсыныстарын;»;
жиырмасыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«аудандық сот төрағасының, облыстық сот төрағасының, сот алқалары төрағаларының және судьясының, кассациялық сот төрағасының және судьясының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының және судьясының лауазымына кадр резервін (бұдан әрі – кадр резерві) жасақтау мәселелерін қарауы бойынша талдамалық және өзге де материалдарды дайындау;».
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. Тоқаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.