Шет аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы №10/101 «Шет ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Шет аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шет аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы №10/101 «Шет ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6584-09 болып тіркелген) шешіміне, келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шет ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібінде:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шет аудандық мәслихатының төрағасы
С. Социал
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.