Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 355 «Құрманғазы ауданында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар ауданішілік тұрақты тасымалдау тарифтері белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 маусым 2025 ж.

    Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 355 «Құрманғазы ауданында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар ауданішілік тұрақты тасымалдау тарифтері белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26 бабына, Құрманғазы аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 4 маусымдағы №209-VIII «Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 25 тамыздағы №535-VI «Құрманғазы ауданында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар ауданішілік тұрақты тасымалдау тарифтерімен келісу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешіміне сәйкес, Құрманғазы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы №355 «Құрманғазы ауданында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар ауданішілік тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4816 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

    2. Қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    А. Жангалиев

    Құрманғазы ауданы әкімдігінің

    2025 жылғы 24 маусымдағы

    № 146 қаулысына қосымша

    Құрманғазы ауданы әкімдігінің

    2020 жылғы 9 желтоқсандағы

    № 355 қаулысымен бекітілген

    Құрманғазы ауданында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар ауданішілік тұрақты тасымалдау тарифтері

    Маршруттар атауы
    1 жолаушыға тариф (теңге)
    1
    Құрманғазы ауылішілік
    50
    2
    Құрманғазы ауылы – Шортанбай ауылы
    500
    3
    Құрманғазы ауылы – Ақкөл ауылы
    200
    4
    Аққөл ауылы – Қиғаш ауылы
    300
    5
    Құрманғазы ауылы – Сүйіндік ауылы
    1800
    6
    Құрманғазы ауылы – Балқұдық ауылы
    1800
    7
    Құрманғазы ауылы – Алға ауылы
    100
    8
    Құрманғазы ауылы – Бөкейхан ауылы
    400
    9
    Құрманғазы ауылы – Кудряшов ауылы
    350

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.