«Топырақты бонитерлеуді жүргізу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 26 қазандағы № 342 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 маусым 2025 ж.

    «Топырақты бонитерлеуді жүргізу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 26 қазандағы № 342 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 26 қазандағы № 342 «Топырақты бонитерлеуді жүргізу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30350 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Топырақты бонитерлеуді жүргізу әдістемесінде:

    3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «3. Топырақты бонитирлеу мемлекеттік жер кадастрының құрамдас бөлігі болып табылады.

    Топырақты бонитирлеуді «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын) жүзеге асырады.

    4. Топырақты бонитирлеуге меншік нысанына және оларға шаруашылық жүргізу нысанына тиесілілігіне қарамастан, барлық ауыл шаруашылығы алқаптары (егістіктер, тыңайған жерлер, көпжылдық екпелер алып жатқан жерлер, шабындықтар мен жайылымдар), елді мекендерден тыс орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мен өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер жатады.»;

    мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

    «8-1. Дала жұмыстары басталғанға дейінгі дайындық жұмыстары кезеңінде Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) бекітілген «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат алады.»;

    19-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

    «3) осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша далалық күнделік жүргізу;

    4) осы Әдістемеге 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талдау жүргізу үшін зертханаға тапсырылатын топырақ үлгілерінің ведомосін толтыру.»;

    20-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «3) ауыл шаруашылығы алқаптары бойынша орташа бонитет балын есептеу;»;

    1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

    А. Сапаров

    Қазақстан Республикасының

    Ауыл шаруашылығы министрі

    2025 жылғы 24 маусымдағы

    № 205 бұйрығына

    1-қосымша

    Топырақты бонитирленуді

    жүргізу әдістемесіне

    1-қосымша

    Нысан

    Далалық күнделік

    ____________________________________________________________ (ауылдық округ, есепке алу кварталының нөмірі) ______________________________________________________________ (аудан) ______________________________________________________________ (облыс)

    Қазынды орындарының саны: _________ бастап _________дейін

    Барлық қазындылар _________

    Тексеру жүргізілді:

    « __»_________________ бастап

    «___»________________ дейін

    Орындаушы ____________________________________________ ____________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)) қолы

    Басқарма басшысы ________________________________________ ___________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)) қолы

    Қазынды № _________ 20__ жылы «_____» ____________

    (координаттар)

    N….……°..…..…´……………..…´´Е………°………..´…………..….´´

    Топырақ шифры _______________

    Контурдың мазмұны ____________________________

    Алқап ____________________________________

    Өсімдік жамылғысы _______________________________

    Топырақ профилінің сипаттамасы

    Қат-қа­бат­тар­да­ғы қа­си­ет­тер мен бел­гі­лер
    Ге­не­ти­ка­лық қат-қа­бат­тар­дың бел­гі­ле­нуі, ор­на­ла­су те­рең­ді­гі және қа­лыңды­ғы, сан­ти­метр­мен
    Тү­сі
    Ылғал­ды­лы­ғы
    Ме­ха­ни­ка­лық құ­ра­мы
    Құ­ры­лы­мы
    Кө­пір­шуі (си­па­ты, те­рең­ді­гі)
    Ауы­су си­па­ты
    Үл­гі алу
    те­рең­ді­гі, см

    Орындаушы: ______________________________________ ___________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) қолы

    Қазақстан Республикасының

    Ауыл шаруашылығы министрі

    2025 жылғы 24 маусымдағы

    № 205 бұйрығына

    2-қосымша

    Топырақты бонитерлеуді

    жүргізу әдістемесіне

    1-1-қосымша

    Нысан

    Топырақ үлгілерінің ведомосі __________________________________________________________________ (жер пайдалану) __________________________________________________________________ (аудан, облыс)

    То­пы­рақ ке­сін­ді­сі­нің нө­мі­рі
    Қат-қа­бат, үл­гі­нің те­рең­ді­гі (сан­ти­метр­мен)
    То­пы­рақ ата­уы
    Тал­да­у­лар тү­рі
    Ес­кер­ту
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    1 0
    1 1
    1 2
    1 3
    1 4
    1 5
    1 6
    1 7
    1 8
    1 9
    2 0
     
    Жиы­ны:

    Басқарма басшысы ______________________________ ________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)

    Топырақ танушы ________________________________ ________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)

    Топырақ үлгілерін тапсырған________________________ __________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (күні және қолы)

    Қабылдаған_______________________________________ __________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (күні және қолы)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.