Бұқар жырау аудандық мәслихатының 18 сессиясының 2024 жылғы 26 маусымдағы № 8 «Бұқар жырау ауданы бойынша 2024-2028 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 18 сессиясының 2024 жылғы 26 маусымдағы № 8 «Бұқар жырау ауданы бойынша 2024-2028 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
Бұқар жырау аудандық мәслихатының 18 сессиясының 2024 жылғы 26 маусымдағы № 8 шешімінің қосымшасындағы бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Бұқар жырау ауданы бойынша 2024-2028 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жайылымдар туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген) бұйрығына, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді».
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы
А. Әли
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.