Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы №5 «Бұқар жырау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын, сондай-ақ Ботақара кенті, Новоузенка, Доскей, Көкпекті ауылдары мен Қушоқы кенті бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, шығару және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Бұқар жырау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 5 «Бұқар жырау ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын, сондай-ақ Ботақара кенті, Новоузенка, Доскей, Көкпекті ауылдары мен Қушоқы кенті бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, шығару және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4568 тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің преамбуласы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Экология кодексі» Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2), 3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Бұқар жырау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.
Мәслихат төрағасы
А.Әли
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.