Темір аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 маусым 2025 ж.

    Темір аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының « Құқықтық актілер туралы » Заңының 27-бабына сәйкес, Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Мәслихаттың келесі шешімдерінің:

    1) «Темір аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы» 2023 жылғы 11 мамырдағы № 30 шешімі;

    2) Темір аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 мамырдағы № 30 «Темір аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 23 маусымдағы № 62 шешімі күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Темір аудандық мәслихатының төрағасы

    Б. Шаимов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.