«Мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың 2025 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 14 сәуірдегі № 237 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 маусым 2025 ж.

    «Мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың 2025 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 14 сәуірдегі № 237 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың 2025 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 14 сәуірдегі № 237 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың 2025 жылға арналған тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6 және 7-жолдармен толықтырылсын:

    «

    6
    Қа­ра­ған­ды қа­ла­сын­да­ғы Аэра­ция стан­ци­я­сы­ның кә­р­із­дік та­зар­ту құ­ры­лы­сжай­ла­рын ре­кон­струк­ци­я­лау
    56263704200 тең­ге
    2025 – 2039 жыл­дар
    50289331600 тең­ге­ге дей­ін (не қарыз ва­лю­та­сы­на ба­ла­ма­лы/тең мән­ді)
    «Қа­ра­ған­ды Су» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
    Еуро­па Қай­та құ­ру және Да­му Бан­кі
    7
    М-32 «РФ ше­ка­ра­сы (Са­ма­ра­ға дей­ін) – Шым­кент» рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар ав­то­мо­биль жо­лы­ның «Ақ­тө­бе – Қа­ра­бұ­тақ – Ұл­ғай­сын» учас­ке­сін, 763-791 км және 819-1025 км ре­кон­струк­ци­я­лау»
    522668800000 тең­ге
    2025 – 2048 жыл­дар
    459948500000 тең­ге­ге дей­ін (не қарыз ва­лю­та­сы­на ба­ла­ма­лы/тең мән­ді), оның ішін­де:
    2025 жыл –
    155000000000 тең­ге ( Еуро­па Қай­та құ­ру және Да­му Бан­кі –
    77500000000 тең­ге, Азия Ин­фра­құ­ры­лым­дық Ин­ве­сти­ци­я­лар Бан­кі – 77500000000 тең­ге);
    2026 жыл – 304948500000 тең­ге (Еуро­па Қай­та құ­ру және Да­му Бан­кі –
    152474250000 тең­ге, Азия Ин­фра­құ­ры­лым­дық Ин­ве­сти­ци­я­лар Бан­кі –
    152474250000 тең­ге)
    «Қа­зАв­то­Жол» ұлт­тық ком­па­ни­я­сы» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы
    Азия Ин­фра­құ­ры­лым­дық Ин­ве­сти­ци­я­лар Бан­кі,
    Еуро­па Қай­та құ­ру және Да­му Бан­кі
    ».
    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.