Түркістан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 27 ақпандағы № 41 «Түркістан облысы аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 17 маусым 2025 ж.

    Түркістан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 27 ақпандағы № 41 «Түркістан облысы аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Түркістан облысы аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Түркістан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 27 ақпандағы № 41 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    2. «Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

    2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Түркістан облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Облыс әкімінің міндетін атқарушы

    З. Жолдасов

    Түркістан облысы әкімдігінің

    2025 жылғы 17 маусымдағы

    № 133 қаулысына қосымша

    Түркістан облысы аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі

    1. Түркістан облысы аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағы 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі міндетін атқарушының 2024 жылғы 6 қарашадағы № 525-НҚ «Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35356 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және Түркістан облысы аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.

    2. Түркістан облысы аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құны (бұдан әрі – қызмет) қызметінің әрбір жеке түрі үшін осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің базалық бағасына қарай айқындалады.

    3. Мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:

    1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:

    Pn (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, газеттерде көрсетілетін қызметтің құны;

    Bn – газетте орналастырылатын, бір см2 көрсетілетін қызметтің базалық бағасы;

    V – газетте орналастырылатын, см2-мен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі;

    Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:

    200 000 данаға дейін – 1,3;

    100 000 данаға дейін – 1,15;

    50 000 данаға дейін – 1;

    30 000 данаға дейін – 0,9;

    20 000 данаға дейін – 0,8;

    10 000 данаға дейін – 0,65;

    5 000 данаға дейін – 0,5;

    2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:

    Pm (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, журналдарда көрсетілетін қызметтің құны;

    Bm – журналда орналастырылатын, бір см2 көрсетілетін қызмет үшін базалық баға;

    V – журналда орналастырылатын, см2-мен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі;

    Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:

    15 000 данаға дейін – 1,2;

    10 000 данаға дейін – 1,1;

    8 000 данаға дейін – 1;

    5 000 данаға дейін – 0,9;

    3 000 данаға дейін – 0,8;

    1 000 данаға дейін – 0,7.

    4. Интернет-ресурстағы қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:

    Pi (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны;

    Bi – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундының, минутының, данасының базалық бағасы;

    V – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің символдармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі;

    Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:

    айына 500 000 кірушіге дейін – 1;

    айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1;

    айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;

    айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;

    айына 5 000 000 кірушіден астам – 1,4.

    5. Телевидениеде көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

    Ptv (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, телевидениеде көрсетілетін қызметтің құны;

    Btv – телевидениеде орналастырылатын көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының, сериясының базалық бағасы;

    V – телевидениеде орналастырылатын, секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі.

    Егер өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру кезінде телевидениеде көрсетілетін қызметтерді жанрлар бойынша бөлу ескерілмеген жағдайда, телевидениеде көрсетілетін қызметтердің құны базалық баға (Btv) бойынша есептеледі.

    6. Радиоарнада қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

    Pr (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнада көрсетілетін қызметтің құны;

    Br – радиоарнада көрсетілетін қызметтердің бір секундының, минутының базалық бағасы;

    V – радиоарнада орналастырылатын, көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі.

    Түркістан облысы аумағында

    мемлекеттік ақпараттық

    саясатты жүргізу жөніндегі

    мемлекеттік тапсырысты

    жүзеге асыру үшін сатып

    алынатын қызметтердің құнын

    айқындаудың үлгілік

    әдістемесіне қосымша

    Түркістан облысы аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі үшін базалық бағалар

    Қызметтің атауы
    Өлшем бірлік
    2025 жылға базалық баға (теңге)
    2026 жылға базалық баға (теңге)
    2027 және алдағы жылдарға базалық баға (теңге)
    1
    Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) (ақпараттық материалдарды әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Bn)
    шаршы сантиметр
    935
    1 000
    1 070
    2
    Түркістан облысы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) (ақпараттық материалдарды әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Bn)
    шаршы сантиметр
    350
    374,5
    400
    3
    Түркістан облысының қалалары мен аудандары аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) (ақпараттық материалдарды әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Bn)
    шаршы сантиметр
    245
    262
    280
    4
    Түркістан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (журнал) (ақпараттық материалдарды әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Bm)
    шаршы сантиметр
    322
    344,5
    368
    5
    Республикалық маңызы бар мәселелерді қамтитын интернет-ресурста (ақпараттық материалды әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Bi)
    таңба
    90
    96
    102
    6
    Өңірлік маңызы бар мәселелерді қамтитын интернет-ресурста (ақпараттық материалды әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Bi)
    таңба
    14
    15
    16
    7
    Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телевизияда (жаңалық сюжеттерін әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Btv)
    минут
    510 000
    545 700
    583 899
    8
    Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телевизияда (ақпараттық-талдамалық бағдарлама, реалити шоу әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Btv)
    минут
    75 717
    81 017
    86 688
    9
    Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телевизияда (ток-шоу, телеойын, бейнероликтер әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Btv)
    минут
    48 633
    52 037
    55 679
    10
    Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телевизияда (деректі фильмдер әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Btv)
    минут
    228 946
    244 972
    262 120
    11
    Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Түркістан облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне енгізілген телевизияда (жаңалық сюжеттері, ақпараттық-талдамалық бағдарлама, реалити шоу әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Btv)
    минут
    50 000
    53 500
    57 245
    12
    Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Түркістан облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне енгізілген телевизияда (ток-шоу, телеойын, бейнероликтер әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Btv)
    минут
    70 000
    74 900
    80 143
    13
    Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Түркістан облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне енгізілген телевизияда (деректі фильмдер әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Btv)
    минут
    70 000
    74 900
    80 143
    14
    Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Түркістан облысының қалалары мен аудандары аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне енгізілген телевизияда (ақпараттық-талдамалық, жаңалық, танымдық, телевизиялық, ток шоу, бейнеролик, реалити шоу және т.б. бағдарламаларын әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Btv)
    минут
    15 666
    16 762
    17 935
    15
    Жаңалықтар телебағдарламаларын трансляциялауды сурдоаудармамен сүйемелдеуді қамтамасыз ету (Btv)
    минут
    9 900
    10 593
    11 334
    16
    Түркістан облысының аумағында таратылатын радиоарнада (ақпараттық сипаттағы жаңалықтар әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Br)
    секунд
    508
    543,5
    581,5
    17
    Түркістан облысының аумағында таратылатын радиоарнада (аудиороликтерді әзірлеу және орналастыру) көрсетілетін қызмет (Br)
    секунд
    508
    543,5
    581,5
    Ескертпе: *Егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде телевизиялық бағдарламалардың жанрлары бойынша бөлінулер ескерілмеген жағдайда, телевизиялық бағдарламаларды өндіру және орналастыру құны базалық (Btv) болады.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.