Нұра ауданы Кәрім Мыңбаев ауылында шектеу қою туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 маусым 2025 ж.

    Нұра ауданы Кәрім Мыңбаев ауылында шектеу қою туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Кәрім Мыңбаев ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Ірі қара малының арасында туберкулез ауруының анықталуына байланысты, Қарағанды облысы Нұра ауданы Кәрім Мыңбаев ауылының аумағында шектеу қою белгіленсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Ауыл әкімі

    А. Жуматаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.