Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына, ҚР «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармақшасына, сондай-ақ «Табиғи және технигендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысымен және Ақтау қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың жою жөніндегі қалалық комиссиясының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 1 кезектен тыс жедел отырысының хаттамасы негізінде Ақтау қаласының әкімдігі, ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1.«МАЭК» ЖШС-нің бас директоры А.Сүйншалиевтің «Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі, кәсіпорынға канал арқылы жіберілетін су мөлшерінің азаюы салдарынан кәсіпорынның қызметі тоқтап, нәтижесінде қала тұрғындарын үздіксіз ауыз сумен және тоқ көздерімен қамтамасыз ету алмау қаупі бар екендігі туралы» баяндамасын назарға алынып, төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Ақтау қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында жедел штаб құрылсын және оны басқару қала әкімінің орынбасары И. Шагирбаевқа тапсырылсын.
3. Осы қаулының күші 2023 жылғы 7 маусымнан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Ақтау қаласының әкімі
Е. Ізбергенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.