Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 маусым 2025 ж.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2025 жылғы « »___________

    № ____ қаулысына

    қосымша

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

    1. «Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорынан қаражат төлеудiң тәртiбiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 15 сәуiрдегi № 342 қаулысы.

    2. «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қарашадағы № 1126 қаулысы.

    3. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы» 2003 жылғы 31 наурыздағы № 1051 Жарлығын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 27 маусымдағы № 623 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы.

    _________________________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.