Алға аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 137 «Алға ауданында тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 маусым 2025 ж.

    Алға аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 137 «Алға ауданында тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Алға аудандық мәслихатының «Алға ауданында тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 28 наурыздағы № 137 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8561-04 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешіммен айқындалған, Алға ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібінде:

    9 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

    «9. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Алға аудандық мәслихатының төрағасы

    М. Тулеуов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.