Қостанай қаласының құрамдас бөліктерін атау және қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Республикалық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 16 сәуірдегі қорытындысы негізінде Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай қаласының Гашек көшесі бойында орналасқан саябаққа Ұлы Дала саябағы атауы берілсін.
2. Қостанай қаласының Уральская көшесі Шақшақ Жәнібек батыр көшесі;
Қостанай қаласының Дзержинский көшесі Сағадат Нұрмағамбетов көшесі;
Қостанай қаласының Железнодорожная көшесі Бертран Рубинштейн көшесі деп қайта аталсын.
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі
Қ. Ақсақалов
Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы
С. Ещанов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.