Текелі қалалық мәслихатының 2024 жылғы 10 мамырдағы «Текелі қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 17-86 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 4 маусым 2025 ж.

    Текелі қалалық мәслихатының 2024 жылғы 10 мамырдағы «Текелі қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 17-86 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Текелі қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Текелі қалалық мәслихатының 2024 жылғы 10 мамырдағы № 17-86 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 208-19 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешіммен бекітілген Текелі қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

    8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «8. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкімет» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Текелі қалалық мәслихатының төрағасы

    Б. Тугулбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.