Тексеру нәтижелері туралы акті нысанын бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 маусым 2025 ж.

    Тексеру нәтижелері туралы акті нысанын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Су кодексінің 53-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН

    1. Тексеру нәтижелері туралы акті нысаны осы бұйрығының қосымшаға сәйкес бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық 2025 жылғы 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі

    Н. Нуржигитов

    «КЕЛІСІЛГЕН»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Су ресурстары және

    ирригация министрі

    2025 жылғы 10 маусымдағы

    № 123-НҚ Бұйрыққа

    қосымша

    Нысан

    №_____Тексеру нәтижелері туралы акті

    __________________ 20__жылғы «__» __________ Актіні толтыру орны уақыты___________

    Бақылау және қадағалау органының атауы________________________________

    1. Тексеру жүргізуге негіз болған тексеру тағайындау туралы актінің номері мен күні _________________________________________________________________ 2. Тексеру жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы_______ 3. Мемлекеттік тексеру субъектісінің атауы, және тексеру жүргізу кезінде қатысқан өкілінің лауазымы____________________________________________ 4. Тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәліметтер _____________________________________________ 5. Тексерілетін субъект өкілінің, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың актімен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолдары немесе қол қоюдан бас тартуы___________________________ 6. Тексеру нәтижесі бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар__________ Қосымша «___» парақта 7. Тексеру жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолы________________ 8. 20__ жылғы «___» ___________

    Тексеру нәтижелері туралы актіні тапсыру туралы мәліметтер _______________ Танысуы, қолы

    QR-код

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.