Атырау облысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газды тұтыну нормасын бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 9 маусым 2025 ж.

    Атырау облысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газды тұтыну нормасын бекіту туралы

    Қазақстан Респбликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27,37-баптарына, «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 5-тармағына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газды тұтыну нормасы бекітілсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Облыс әкімі

    С. Шәпкенов

    Атырау облысы

    әкімдігінің 2025 жылғы

    09 маусымдағы № 115

    қаулысына қосымша

    Атырау облысы

    әкімдігінің 2025 жылғы

    09 маусымдағы № 115

    қаулысымен бекітілген

    Атырау облысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алушыларға тауарлық газдың тұтыну нормасы

    Тауарлық газ тұтынушыларының сипаттамасы
    Ай сайынғы норма, жылыту маусымында, м3
    Ай сайынғы норма, жылыту маусымынан тыс, м3
    1
    Жылыту қазандығы, газ плита және су жылытқышы бар үй шаруашылығы
    755
    148
    Аббревиатураның толық жазылуы:
    м3 – текше метр.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.