«Кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 338 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 338 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14190 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кепілдік жарнаның мөлшерін айқындау әдістемесінде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Кепілдік жарнаның мөлшерлемесі Заңның 8-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті компанияның көппәтерлі тұрғын үй жобасына меншік иесінің қатысу нысаны мен мөлшеріне байланысты болады және мыналарды құрайды:
|
Меншік иесінің қатысу нысаны
|
Меншік иесінің қатысу мөлшері *
|
Кепілдік жарнаның мөлшерлемесі
|
|
Аяқталмаған құрылыс
|
25% - ға дейін
|
1%
|
|
25% - дан жоғары 50% - ға дейін
|
0,75%
|
|
|
50% жоғары
|
0,5%
|
|
|
Ақшалай қаражат
|
10% дан
|
1%
Құрылыс салушыға жобаны республикалық маңызы бар қалалардан тыс жерлерде іске асыратын тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының бірінші кепілдігін берген кезде, Заңның 8-бабының 3-тармағында көзделген жобаға меншік иесінің қатысуына қойылатын талаптар сақталған жағдайда кепілдік жарнаның мөлшерлемесі 0% -ді құрайды.».
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрілігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы
О. Сапарбеков
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.