«Су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 30 шiлдедегi № 178 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 30 шiлдедегi № 178 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21055 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі
Н. Нуржигитов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.