«Тікелей су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 19-4/294 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тікелей су объектілерінде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 19-4/294 бұйрығының (Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11775 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы имараттарын дамыту департаментіне белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылдың 10 маусымынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі
Н. Нуржигитов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.