«Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 11 маусым 2025 ж.

    «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларында:

    10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Түгендеу карточкасының тақырыбы мүліктің кімге берілгені, сондай-ақ мүліктің берілген күні туралы мәліметтерді қамтиды. Мүлікті өткізу кезінде түгендеу карточкасында бюджетпен немесе Арнаулы мемлекеттік қормен есеп айырысу мерзімдері, төлем құжатының (құжаттарының) нөмірі мен күні көрсетіледі.»;

    20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «20. Ақша түрiндегі мүлiк бюджет кiрiсiнің немесе Арнаулы мемлекеттік қордың есебіне жатқызылады. Шетел валютасы операция жасалған күнi айқындалған валюта айырбастаудың ресми бағамы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалдары арқылы бюджет кiрiсiнің немесе Арнаулы мемлекеттік қордың есебіне жатқызылады. Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған айырбасталмайтын шетел валютасын қабылдау, сақтау, өткізу, сондай-ақ оларды өткізуден түскен ақшаны бюджеттің немесе Арнаулы мемлекеттік қордың есебіне жатқызу тәртібі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жекелеген негіздер бойынша мемлекеттің меншігіне айналдырылған шетел валютасымен операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2021 жылғы 21 маусымдағы № 63 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

    Ақша түрiндегi мүлiктi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және оның филиалдарына берудi осындай мүлiктi алып қойған орган жүргізіп, уәкілетті органға мүлiктiң сомасы, берілген уақыты және оны алушы көрсетілген беру туралы хабарлама жiбереді.

    21. Мемлекеттік мүліктің құрамына түскен салымдар (депозиттер) сомасын банктер толық көлемде бюджеттің кiрiсiне немесе Арнаулы мемлекеттік қорға номиналды түрде аударады.»;

    33-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «33. Сот мүліктің мемлекет меншігіне түсуіне негіз болған актінің күшін жойған (тиісті бөлігінде өзгерткен) кезде уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар мүлікті заттай қайтаруды жүргізеді. Егер мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізілген жағдайда оның құнын өтеу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес оны өткізуден алынған қаражат шегінде тиісті бюджеттің немесе Арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен жүргізіледі.»;

    көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымша лар осы қаулыға 1 және 2-қосымша ларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2025 жылғы « »

    № қаулысына

    1-қосымша

    Жекелеген негiздер бойынша

    мемлекет меншiгiне айналдырылған

    (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау,

    бағалау және одан әрi

    пайдалану қағидаларына

    1-қосымша

    Нысан

    Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актісі

    20__ жылғы «___» ___________ ____________________________ (жасалған күнi) (акт жасалған жер)

    Мына құрамдағы комиссия: уәкiлеттi орган (жергілікті атқарушы орган) өкiлi ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (уәкiлетті органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________; ____________________________________________________________________ (жауапты жұмыскердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) сот орындаушысы_____________________________________________________ (әділет органының атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі, жұмыскердің лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    өкiл_________________________________________________________________ (мүлікті беретін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мүлікті алып қойған (беретін) органның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі) ____________________________________________________________________; (жұмыскердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) өкiл_________________________________________________________________ (мүлiк уақытша жауапты сақтауында болатын ұйымның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі) өкiл________________________________________________________________; (жұмыскердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________________________________________________ (мүлiктi қабылдаушы ұйымның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі) бағалаушы__________________________________________________________; (жұмыскердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________________________________________ (ұйымның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі, лицензияның күнi және нөмiрi) ____________________________________________________________________ (мүлiкті бағалауды жүзеге асыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________________________________________________ (мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі, лицензияның күнi және нөмiрi) ____________________________________________________________________ Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларының негiзiнде иеленушіге ___________________________________________________________________ тиесілі болған төмендегі мүлікті (сот актілерінің негізінде тәркіленген (оның ішінде заттай дәлелдемелер) немесе иесіз деп танылған мүлiктiң бұрынғы иеленушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе ұйымның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі) ____________________________________________________________________ (соттың атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі, сот шешiмiнiң нөмiрi, күнi) ____________________________________________________________________ (соттың атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі, сот шешiмiнiң нөмiрi, күнi) ____________________________________________________________________ (мүлiкті берген ұйымның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі) немесе мемлекет меншiгіне өтеусiз өткен мүлікті __________________________ ____________________________________________________________________, (мүлікті берген ұйымның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі) оның ішінде кедендік декларацияға сәйкес «мемлекет пайдасына бас тарту» кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар мен көлiк құралдарын, сыйлықтарды ________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (мемлекеттік кірістер органының атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі, тауарларға арналған кедендік декларацияның күнi мен нөмiрi) немесе нотариустың куәлiгiне сәйкес мұрагерлiк құқық бойынша мемлекетке өткен деп танылған мүлікті____________________________________________ ___________________________________________________________________ (нотариустың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі, куәлiгiнiң нөмiрi, күнi) сондай-ақ құны мемлекет кiрiсiне түсетiн мемлекет меншiгі құқығының туындағанын куәландыратын басқа да құжаттардың негiзінде өзге де мүлiкті __ ____________________________________________________________________ (мүлікті берген ұйымның атауы, мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тұлғаның мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі) тізімдеуді және қабылдауды жүргізді.

    Мүлiктi тiзімдеу және бағалау

    Р/с №
    Әрбiр заттың жан-жақты сипаттамасымен мүлiктiң атауы
    Өлшем бірлігі
    Саны
    Мүлiктi қабылдау кезiнде бір бiрлiгін алдын ала бағалау, теңге*
    Барлық сомасы, теңге
    Есепке қою үшін негіз болып табылатын құжатта көрсетілген
    Қайта есептеу (қайта өлшеу) қорытындылары бойынша нақтысы
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7

    Жиыны (жазумен):_______________________________________________ ____________________________________________________________________ бюджетке немесе Арнаулы мемлекеттік қорға аударуға жататын жиыны ____________________________________________________________________ Осы акт ____ данада жасалды. Комиссия мүшелерi: _________________ ___________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _________________ ___________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________________________________________________ (бағалаушы сарапшының қолы және мөрi (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______ жылғы «___» ____________ иеленушінiң қолы ____________________

    Осы актіде көрсетiлген мүлiктi жауапты сақтауға қабылдап алдым. Сақтауға қабылданған мүлiктiң жойылғаны, жасырылғаны, жоғалғаны, ауыстырылғаны немесе бүлiнгенi үшiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 425-бабы бойынша қылмыстық және материалдық жауапкершiлiк туралы ескертiлдi. ______ жылғы «___» ____________ (қолы) _____________________ ___________________________________________________________________ (мүлiкті қабылдаған ұйымның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі, мекенжайы немесе адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________

    Ескертпе

    * Бұл баған мүлiкті уәкiлетті органға (жергілікті атқарушы органға) беретін ұйым алдын ала бағалау жүргізген жағдайда толтырылады.

    ______________________________________

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2025 жылғы « »

    № қаулысына

    2-қосымша

    Жекелеген негiздер бойынша

    мемлекет меншiгiне айналдырылған

    (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау,

    бағалау және одан әрi

    пайдалану қағидаларына

    2-қосымша

    Нысан

    20 __ жылы мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актiлерiн есепке алу кітабы

    Р/с №
    Жа­з­ба жа­сал­ған күн
    Мү­лік­ті ті­зім­деу, ба­ға­лау және (неме­се) қа­был­дау-бе­ру ак­ті­сі­нің нө­мі­рі және кү­ні
    Жа­з­ба жа­са­удың негіз­де­ме­сі (құ­жат­тың ата­уы, нө­мі­рі және кү­ні)
    Бұ­рын­ғы ие­ле­ну­ші­лер­дің ата­уы неме­се өті­ніш бе­ру­ші­нің те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са)
    Мү­лік­тің ата­уы (са­на­ты)
    Мү­лік­ті ті­зім­деу, ба­ға­лау және (неме­се) қа­был­дау-бе­ру ак­ті­сі бой­ын­ша мү­лік­тің құ­ны (бар бол­са), тең­ге
    Мү­лік­тің ба­ға­лау құ­ны, тең­ге
    Мү­лік­ті ті­зім­деу, ба­ға­лау және (неме­се) қа­был­дау-бе­ру ак­ті­сі кім­ге және қа­шан жі­бе­ріл­ді
    Мү­лік кім­ге және қа­шан бе­рі­л­ген не өт­кі­зі­л­ген (ше­шім­нің, шар­ттың, мү­лік­ті қа­был­дау-бе­ру ак­ті­сі­нің № және кү­ні)
    Мү­лік үшін түп­кі­лік­ті есеп ай­ы­ры­су кү­ні
    Нақ­ты түс­кен со­ма, тең­ге
    бюд­жет­ке
    Ар­на­у­лы мем­ле-кет­тік қор­ға
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    ______________________________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.