Әйтеке би кенті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымның жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақыларын белгілеу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 3 маусым 2025 ж.

    Әйтеке би кенті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымның жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақыларын белгілеу туралы

    «Азаматтық қызметшілерге мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсанындағы №1193 қаулысына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Әйтеке би кенті бюджетінен қаржыландырылатын «Қазалы абаттандыру» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақылары келесідей лауазымдарға белгіленсін:

    1) басқарушы персонал 5 (бес) еселенген базалық лауазымдық айлықақыдан (бұдан әрі –БЛА) артық емес;

    2) әкімшілік персонал 4 (төрт) еселенген БЛА артық емес;

    3) қосалқы персонал 3 (үш) еселенген БЛА артық емес;

    4) 1, 2, 3, 4 - разрядтағы жұмысшылар 3 (үш) еселенген БЛА артық емес.

    2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазалы аудандық мәслихатының төрағасы

    Ғ.Әліш

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.