Алға ауданы Үшқұдық ауылдық округінің көше атауларын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14- бабының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 4 қорытындысы негізінде және тиісті аумақтық халқының пікірін ескере отырып, Ақтөбе облысы Алға ауданы Үшқұдық ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алға ауданы Үшқұдық ауылының келесі көшесі қайта аталсын:
1) «Комсомольская» көшесін – «Желмая» көшесіне;
2) «Садовая» көшесін – «Таң самалы» көшесіне;
3) «Центральная» көшесін – «Мерей» көшесіне;
4) «Новая» көшесін– «Ата мұра» көшесіне;
5) «М. Горький» көшесін – «Хантәңірі» көшесіне;
6) «Овражная» көшесін – «Үшқоңыр» көшесіне;
7) «Молодежная» көшесін – «Жас қыран» көшесіне;
8) «Казахская» көшесін – «Аруана» көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үшқұдық ауылдық округінің әкімі
Б. А. Акдаулетов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.