Жәнібек ауданы Қамысты ауылы аумағындағы жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

    Күші жойылғанӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Жәнібек ауданы Қамысты ауылы аумағындағы жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №325 «Қазақстан республикасы Үкіметінің Және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану» туралы қаулысына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министірлігінің «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» 2023 жылғы 10 мамырдағы №240 бұйрығына және Жәнібек аудандық төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының 2025 жылғы 5 маусымдағы №5 кезектен тыс отырысының хаттамасына сәйкес аудан әкімі ШЕШТІ:

    1. Жәнібек ауданы Қамысты ауылы аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

    2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары М.Б.Бисенов тағайындалсын.

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімінің м.а.

    Ж.Ахметов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.