Талсуат ауылындағы құрамдас бөлікті қайта атау туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 мамыр 2025 ж.

    Талсуат ауылындағы құрамдас бөлікті қайта атау туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Талсуат ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 03 сәуірдегі қорытындысы негізінде Талсуат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Талсуат ауылындағы Космонавт көшесі «Ыбырай Алтынсарин» есімімен қайта аталсын.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Әкім м.а

    Ө. Қасымов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.