Бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессиялар, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен сараптама жүргізу және құжаттаманы бағалау құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 мамыр 2025 ж.

    Бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессиялар, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен сараптама жүргізу және құжаттаманы бағалау құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереже 15-тармағының 65) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессиялар, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен сараптама жүргізу және құжаттаманы бағалау құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы секторын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі

    С. Жумангарин

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазастан Республикасының

    Қаржы министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Премьер-Министрінің

    орынбасары – Ұлттық

    экономика министрі

    2025 жылғы 30 мамырдағы

    № 46

    Бұйрыққа қосымша

    Бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессиялар, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен сараптама жүргізу және құжаттаманы бағалау құнын айқындау әдістемесі

    1. Осы Бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен сараптама жүргізу және құжаттаманы бағалау құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен сараптама жүргізу және құжаттаманы бағалау құнын айқындау тәсілдерін белгілеу мақсатында әзірленген.

    2. Бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен сараптама жүргізу және құжаттаманы бағалау (бұдан әрі – Көрсетілетін қызмет) құны заңнамаға сәйкес айқындалған мамандандырылған ұйымның қызметтің бірлігіне арналған нормативтік еңбек шығындарына байланысты осы Әдістемеге сәйкес айқындалады.

    3. Көрсетілетін қызмет бағасы мынадай формула бойынша айқындалады:

    Pn = Сn * (1 + R)

    мұндағы:

    Pn (price) – қосылған құн салығын есепке алмағандағы құжаттар (сараптама) топтамасын қарау құны;

    R – пайызбен алынған рентабельділік нормасы.

    4. Көрсетілетін қызметтің өзіндік құны мынадай формула бойынша айқындалады:

    Сn = cl * ln

    мұндағы:

    Сn (cost) – тиісті Көрсетілетін қызметтің өзіндік құны;

    cl – 1 адам-сағат құны;

    ln – Көрсетілетін қызметтің бірлігіне арналған еңбек шығындарының нормативі. Көрсетілетін қызметтің бірлігіне арналған еңбек шығындарының нормативі осы Әдістемеге қосымшада келтірілген.

    5. Көрсетілетін қызметтің бағасын есептеу үшін айқындалған рентабельділік нормасы 1,27 пайызды құрайды.

    6. Көрсетілетін қызметтің бағасын есептеуге арналған бір адам-сағаттың құны қосылған құн салығын есепке алмағанда, 9 927,91 (тоғыз мың тоғыз жүз жиырма жеті теңге тоқсан бір тиын) теңге мөлшерінде айқындалған.

    Бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-

    жекешелік әріптестікмемлекеттік

    кепілдіктер беру үшін инвестициялық

    жобалар және техникалық-

    экономикалық негіздеме

    әзірлеуді талап ететін

    бюджеттік инвестициялық жобаларды

    бюджеттік кредиттеу, қаржы

    агенттерінің мемлекеттік

    инвестициялық саясатты

    іске асыруы мәселелері

    бойынша республикалық бюджет

    қаражаты есебінен сараптама

    жүргізу және құжаттаманы бағалау

    құнын айқындау әдістемесіне қосымша

    Көрсетілетін қызметтің бірлігіне арналған нормативтік еңбек шығындары

    № р/с
    Қыз­мет тү­рі
    Қыз­мет көр­се­ту­ге ар­нал­ған ең­бек шы­ғын­да­ры (адам-са­ғат)
    1.
    мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік жо­ба­ла­рын, мем­ле­кет­тік ке­піл­дік­тер бе­ру үшін ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар­ды; рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тік ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар­ды, оның ішін­де тү­зе­ті­л­ген жо­ба­лар­ды; рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет қа­ра­жа­ты есе­бі­нен заң­ды тұ­лға­лар­дың жар­ғы­лық ка­пи­та­лы­на мем­ле­кет­тің қа­ты­суы ар­қы­лы іс­ке асы­ру­ға жос­пар­ла­на­тын бюд­жет­тік ин­ве­сти­ци­я­лар­ды, оның ішін­де тү­зе­ті­л­ген қар­жы-эко­но­ми­ка­лық негіз­де­ме­лер­ді са­рап­тау; рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет қа­ра­жа­ты есе­бі­нен заң­ды тұ­лға­лар­дың жар­ғы­лық ка­пи­та­лы­на мем­ле­кет­тің қа­ты­суы ар­қы­лы іс­ке асы­ру­ға жос­пар­ла­на­тын бюд­жет­тік ин­ве­сти­ци­я­лар­ды (жа­ңа­дан құ­ры­л­ған); қар­жы агент­тікте­рі­нің мем­ле­кет­тік ин­ве­сти­ци­я­лық са­я­сат­ты іс­ке асы­ру­ға бюд­жет­тік кре­дит­те­удің қар­жы­лық-эко­но­ми­ка­лық негіз­де­ме­сін са­рап­тау
    27 680
    2.
    «Мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік ту­ра­лы» Заң­ның 20-ба­бы­ның 9) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес бюд­жет­тік са­я­сат жө­нін­де­гі ор­та­лық уәкі­лет­ті ор­ган бе­кіт­кен Мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік жо­ба­ла­рын жос­пар­лау, же­ке­ше әріп­те­сті ай­қын­дау жө­нін­де­гі кон­курс (аук­ци­он) және ті­ке­лей ке­ліс­сө­здер жүр­гі­зу, мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік шар­тта­ры­ның мо­ни­то­рин­гін жүр­гі­зу, мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік жо­ба­ла­ры­ның іс­ке асы­ры­лу мо­ни­то­рин­гін жүр­гі­зу және ба­ға­лау мә­се­ле­ле­рін қам­ти­тын мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стік жо­ба­ла­рын жос­пар­лау және іс­ке асы­ру ка­ғи­да­ла­ры­на (бұ­дан әрі – Қа­ғи­да­лар) сәй­кес мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стіктің рес­пуб­ли­ка­лық жо­ба­ла­ры­ның іс­ке асы­ры­луын ба­ға­лау
    6 391,5541
    3.
    Қа­ғи­да­лар­ға сәй­кес мем­ле­кет­тік-же­ке­ше­лік әріп­те­стіктің жер­гі­лік­ті жо­ба­ла­рын іс­ке асы­ру­ды ба­ға­лау
    9 681,4251
    4.
    заң­ды тұ­лға­лар­дың жар­ғы­лық ка­пи­та­лы­на мем­ле­кет­тің қа­ты­суы ар­қы­лы бюд­жет­тік ин­ве­сти­ци­я­лар­дың іс­ке асы­ры­луын ба­ға­лау
    4 916,58
    5.
    бюд­жет­тік ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар­дың іс­ке асы­ры­луын ба­ға­лау
    7 447,25

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.