Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 29 мамыр 2025 ж.
Таза табыстың бір бөлігін бюджетке аудару нормативін белгілеу туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 140, 186-баптарына сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Отырар ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі таза табыстың 50 (елу) пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Отырар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Қ. Жолдыбай
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.